Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова

Читать онлайн.



Скачать книгу

келген қоғамда тұлғалық және топтық конфликтер тек сыртқы себептерден (экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б.) ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалар мен топтардың психологиялық ерекшеліктерінен де туындайды. Сонымен қатар көптеген зерттеушілер конфликтің ішкі және сыртқы (психологиялық) нақты факторларын паритетті, шамалас ретінде қарастыруға бейімді.

      Ішкі детерминант/нақты фактор тұлғааралық конфликтерде ерекше маңызға ие, себебі олар тұлғааралық және топаралық конфликтер болып көрінгенімен, оларды өздері туындатады.

      Психологтар үшін конфликтік жағдайларды талдау мен оларды реттеу бойынша практикалық шараларды анықтаудағы ең маңыздысы – жоғары конфликтогендікке себеп болатын тұлғалар мен топтардың мінез-құлқындағы типологиялық психологиялық ерекшеліктерді ашу. Мұндай ерекшеліктер арасынан, ең алдымен талап, өзін-өзі бағалау, тәртіпсіздіктің аса көтеріңкі деңгейін, жоғары доминанттық, өзіне қатысты ескертулерге тым жоғары сезімталдылықты, қоршаған адамдар тарапынан құрметтеу мен таңдануға деген қажеттілікті, ренжуді және т.б. атап өту қажет.

      Осы негізде зерттеушілер (нақтырақ айтар болсақ, А.Л. Журавлёв) әлеуметтік өзара әрекеттесудегі тұлғаның екі қарама-қайшы психологиялық типін атап көрсетеді:

      1. Агрессивті тұлға – эмоционалды түрде тұрақсыз, тынымсыз, мұны наразылық табандылығымен, қатерге ұмтылу арқылы орын толтыруға тырысатын тұлға. Мұндай типтегі тұлғаларға жағдайдың барлық нюансын есепке алу мен қоршаған адамдардың көзқарасын ескеру қабілетсіздігі тән; олардың қарым-қатынас жасау стилі, әдетте дөрекі, ожар; олар тым атаққұмар, өздерін артық бағалайтын әрі менмен болып келеді. Агрессивті кертартпалықтың оңай туындауы олардың болжап болмайтын мінез-құлқымен түсіндіріледі.

      2. Конфликт құрбаны. Мұндай типтегі тұлғалар адамдар арасындағы қарым-қатынастағы конфликті арттыра түседі, яғни қоршаған адамдарға деген агрессивті қарым-қатынасқа себеп болатын психологиялық қасиеттердің жиынтығына ие.

      Конфликтік жағдайларды жеңіп шығуда позитивті рөлді ойнайтын тұлғалардың аралық типі де анықталады.

      Жеке тұлғаның психологиялық мәселелеріне байланысты ішкі конфликтерді зерттеу үшін әлеуметтанушылар мен психологтар «маргинал адам» және «маргиналдылық» ұғымдарын қолданады. Америкалық ғалым Р. Парк аталған ұғымдарды халықтар арасындағы конфликтерді зерттеу кезінде ғылыми айналымға енгізген.

      Екі немесе одан да көп әлеуметтік әлем шекарасындағы адамдарды маргиналды деп атайды. Маргиналды адам белгілері төмендегідей: өзінің жеке қасиеттеріне деген күдік, белгісіз жағдайлардан, кемсіту қатерінен қашуға тырысу, басқа адамдар бар кездегі кеселді ұялшақтық, жалғыздық және шамадан тыс арманшылдық, болашақ туралы тым артық алаңдау және кез келген тәуекелмен басталған істен қорқу, айналасындағылар онымен әділетсіз қарым-қатынаста болатынына сенімділік.

      «Маргиналдылық» термині (лат. тагдіпаііз – шетте орналасқан) қоғамдық даму арқылы екі мәдениет арасында