Название | Білім беру аймағындағы конфликтология |
---|---|
Автор произведения | Әлия Құдайбергенова |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-2157-8 |
Келіссөз жүргізу тәсілі және оның нәтижелері қарсылас тараптардың арасындағы тек қарым-қатынасқа ғана емес, ол сондай-ақ әрбір тараптың ішкі жағдайына, басқа да шиеленістен тыс факторлар мен жақтастарының қарым-қатынасына да байланысты болып келеді [8, 96].
Конфликтен кейінгі саты. Тараптардың тікелей қарсыласуының аяқталуы әрдайым конфликтің толығымен шешілгендігін білдірмейді. Бейбітшілік келісімін түзген тараптардың қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі көбінесе төмендегі жағдайларға байланысты болады:
– конфликт кезінде және кейінгі келіссөздерде көзделген мақсатқа жету қаншалықты орындалды;
– күрес қандай тәсілдер мен әдістер арқылы жүргізілген;
– тараптардан айырылу қаншалықты маңызды (адами, материалдық, территориялық және т.б.);
– қандай да бір тараптың жеке адамгершілік сезімінің қысым көру деңгейі қаншалықты жоғары;
– бейбітшілік орнату нәтижесінде тараптардың эмоциялық конфликтісін жою мүмкін болды ма;
– келіссөздер үдерісінің негізіне қандай тәсілдер алынды;
– тараптар мүдделерінің тепе-теңдігі қаншалықты сақталды;
– тараптардың бірі немесе үшінші күш тарапынан ымыра жасалды ма немесе ол шиеленіс шешімін бірге іздеу нәтижесі болып табылды ма;
– конфликт қорытындысына қоршаған ортаның әсері қандай.
Егер қол қойылған бейбітшілік келісімдері тараптардың ойынша олардың мүдделеріне қайшы келіп жатса, қарбаластық сақталып, конфликтің тоқтатылуы уақытша жағдай ретінде қабылданады. Ресурстарды ортақ әлсіреуі нәтижесінде бекітілген бейбітшілік негізгі даулы мәселені шешуге әрдайым қабілетті емес. Тараптар конфликті толығымен шешілді деп ойлап, сенім мен ынтымақтастық негізінде өз қарым-қатынасын құратын, консенсус негізінде жасалған бейбітшілік барынша мықты болып есептелінеді.
Конфликті шешудің кез келген нұсқасында бұрынғы қарсыластар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік қарбаластық белгілі бір уақытқа дейін сақталады. Кейде өзара жағымсыз әсерді жою үшін болып өткен конфликтің барлық қорқынышын сезінбеген жаңа ұрпақ дүниеге келгенше шамамен он жылдықтар қажет болады. Санадан тыс деңгейде бұрынғы қарсыластардың мұндай жағымсыз әсерлері ұрпақтан-ұрпаққа берілуі және кезекті даулы мәселелердің әрбір ушығуы кезінде «қайта көтерілуі» мүмкін.
Конфликтен кейінгі кезең жаңа объективті шындықты көрсетеді: күшті жаңадан жұмсау, қарсыластардың бір-біріне және қоршаған әлеуметтік ортаға деген жаңаша қарым-қатынасы, бұрыннан бар мәселелерге деген жаңаша көзқарас, өз күші мен мүмкіндіктерін жаңадан бағалау.
Конфликт жағымды және жағымсыз әлеуметтік қызметтерді атқарады. Конфликт салдарын бағалаудың объективті және субъективті түрлері де бар. Мысалы, өндірістік (әлеуметтік-еңбектік) конфликт нәтижесінде мүмкін болған кәсіпорынның қайта құрылуы – дәлелді түрде