Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Читать онлайн.



Скачать книгу

Германиямен уақытша бітімді жаңа мерзімге ұзарту туралы мәселемен бірге қаралды да, бұл жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Конференцияда басты үш держава – АҚШ, Англия, Францияның арасындағы қайшылықтар герман мәселесіне байланысты өте айқын көрінді. Ең алдымен студент аталған мемлекеттер герман мәселесіне байланысты ұсыныстарды қандай мақсаттардан туды, қандай перспективаларды көздеді деген сұрақты анықтап алуы керек. Америка Құрама Штаттарының мақсат-мүдделерін талдауды Е.И. Попованың (29-39 б.) және Н.С. Индукаеваның (56-114 б.) зерттеулерінен, ал Англия мен Францияның мақсаттары туралы Б.Е. Штейннің ағылшын зерттеушісі Б.М. Джорданның еңбегіне жазған алғы сөзінен табуға болады. Үш ірі державаның әрқайсысының өзіндік мақсаттарын талдау барысында осы мемлекеттердің барлығына ортақ мүдде де болғандығын ескеру керек. Атап айтқанда, олардың бәрі Еуропа елдеріндегі революциялық қозғалыстан қорықты, оны бірігіп басып-жаншуға тырысты. Бұған дәлел ретінде Ллойд Джордждың мына бір сөзін алуға болады: «Біз өзіміздің талап қойғыштығымызбен герман үкіметін құлатуға мүмкіндік береміз, онда бітім жасау туралы сөйлесетін ешкім де қалмайды».

      Репарациялар туралы мәселені Версаль бітімшарты нақты шешкен жоқ, тек қана оның төлену принципін анықтады. Репарациялардың жалпы сомасы 132 млд алтын марка болатынын арнаулы комиссия 1921 жылы ғана бекітті. Бұл соманың 52 пайызын Франция, 22 пайызын Ұлыбритания, 0 пайызын Италия, 8 пайызын Бельгия алатын болды.

      Герман мәселесі конференцияда қалай талқыланғандығын, ондағы әрбір елдің позицияларын дұрыс түсіну үшін мынадай қарапайым схема құруды ұсынуға болады:

Версаль бітімшарты

      1919 жылы 28 маусымда Германия мен одақтастар арасында бітімшартына қол қойылды. Қол қою рәсімі Үлкен Версаль сарайында өткізілді, сондықтан бұл шарт тарихқа Версаль шарты деген атпен енді. Версаль шарты 440 статьядан құралды, олар 15 бөлімге топтастырылды. Версаль шартының мазмұнына талдау жасауды мынадай тезиспен іске асыру тиімді:

      1. Территориялық мәселелер және Германияның шекараларын белгілеу.

      2. Германияға қойылатын әскери шектеулілік талаптары.

      3. Германиядан алынатын репарациялық төлемдер мәселесі.

      4. Еуропада халықаралық пайдалануға берілетін өзендерді белгілеу.

      Версаль шарты 1920 жылы қаңтарда күшіне енді. АҚШ сенаты Версаль шартын екі рет талқылап, ақыры қабылдамай тастады. 1921 жылы тамызда АҚШ пен Германия арасында сепараттық келісім жасалды.

Сен-Жермен, Трианон, Нейи және Севр шарттары

      Париж конференциясында Австриямен, Венгриямен және Болгариямен бітімшарттарын жасау басты төрт держава арасындағы шиеленіскен күрес жағдайында жүрді. Оның үстіне бұрынғы Австро-Венгрия империясы ыдыраған соң пайда болған ұсақ мемлекеттердің арасындағы шекаралардың анық болмауы да үлкен айтыс туғызды. Соның нәтижесінде осы мемлекеттердің жоғарыда аталған бітімшарттарында белгіленген жасанды