Название | Тәуекелді басқару |
---|---|
Автор произведения | Гүлмира Нұрсейтова |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-1302-3 |
– технологияның өмірлік циклін талдау болашақтағы стратегияны негіздейтін технологиялар туралы шешім қабылдау мақсатымен компанияның технологияларын бәсекелестердің әлеуетті технологияларымен салыстыру болып табылады;
– патенттік талдау арқылы компанияның инновациялық қызметін жоспарлау мақсатымен технологиялық тенденцияларды болжауға және нарықта жаңа тауарлар мен технологиялардың пайда болуымен байланысты тәуекелдерден қашықтауға болады;
– қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның қаржылық жағдайын бағалауға және төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықты жоғалту тәуекелдерін болжауға мүмкіндік береді;
– қаржылық жағдайдың рейтингтік моделі қомпания қызметінің негізгі нәтижелерін (төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, компанияның іскерлік белсенділігін және рентабельдігін) сипаттайды.
Сандық талдау тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын және олардың компанияға тигізетін әсерін анықтау нәтижесінде шешім қабылдауға және белгісіздіктен қашықтауға мүмкіндік береді.
Сапалық талдау барысында тиімділік критерийлердің сезімталдығын талдау әдісі, сценарийлер әдісі, тәуекелді талдаудың эксперттік әдісі, шешімдер ағашын құру әдісі, Монте-Карло (имитациялық модельдеу) әдісі және т.б. әдістер қолданылады.
Кәсіпкерлер тәуекел түсінігін «шығын», «ысырап» мағынасында түсінеді, алайда кейбір жағдайда тәуекел күтілмеген табыс пен пайда алып келуі мүмкін. Осы кезге дейін кәсіпкерлердің көпшілігі тәуекелдерге тиісті көңіл бөлмеді. Сол себепті олар белгіленген мақсатқа жете алмауда. Сонымен қатар көптеген адамдар тәуекелді шешім қабылдау арқылы жүзеге асатын бір уақытша құбылыс ретінде түсінеді. Алайда оны үздіксіз үдеріс ретінде түсінсе ғана оны ұтымды басқаруға болады.
Мүлдем тәуекелі болмайтын компаниялар жоқ, тіпті, шағын компанияда да төмен дәрежелі болса да тәуекел орын алады. Компанияның сәтті дамуы үшін тәуекелге және оның салдарына аса мән беру қажет.
1. Тәуекел дегеніміз не?
2. О. Сабден, С. Тоқсанбайдың энциклопедиялық анықтамалығында тәуекелге қандай түсінік берілген?
3. Тәуекелді басқару дегеніміз не?
4. Тәуекелді басқару қандай кезеңдерден тұрады?
5. Тәуекелді басқарудың қандай әдістерін білесіз?
1.2. Тәуекелдің пайда болу себептері мен факторлары
Тәуекелдің пайда болу себептері мен факторлары оның негізгі сипаттамаларымен анықталады. Тәуекелдің пайда болу факторлары сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы факторларына саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-технологиялық түрлерін