Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.
Название Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2016
isbn 9965-791-81-3



Скачать книгу

олардың шиеленісті жағдайдан тығыз саяси-экономикалық ынтымақтастық жағдайына өту тарихын зерттеу аса зор мәнге ие.

      І ТАРАУ

      ФРАНЦУЗ-ГЕРМАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

      1. Француз-герман қатынастарының тарихи ретроспективалары

      Халықаралық қатынастар тарихында әлемді экономикалық, саяси және экологиялық, сонымен бірге мәдени байланыстардың шырмай түсуі, мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды және жеке тұлғаларды күрделі өзарақатынас шеңберіне тарта түсетіндігі хақ. Яғни, мемлекеттер халықаралық қатынастар жүйесінде ақырындап өзара тәуелділік күйіне түсері айқын. Жалпы, өзара тәуелділік – соңғы кезеңдегі жаңа құбылыстардың бірі болып табылады. Соның негізінде кең етек алған жаһандану үрдісі ешбір мемлекеттің, мейлі әскери және экономикалық қатынаста қуатты болғанымен, жеке дара күйде дамуы мүмкін емес. Өйткені бүгінгі күнгі дамудың күн тәртібіндегі басты мәселе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      Сол негізде, жалпы жаһандану үрдісіне орай, ендігі жерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа геосаяси тұрғыдан қарағанда әлде қайда өзгерген, бүгінгі саяси дамудағы халықаралық қатынастар жүйесінің келбеті, өткен кезеңдегі жүйемен үйлеспейді десе болады.

      Мәселен, бұрын халықаралық шеңбердегі билік пен ықпал үшін күрес, ең алдымен қатысушы мемлекеттердің қарулы күші және идеологиясы арқылы жүзеге асса, енді бұл негізінен саяси-экономикалық тетіктерді, әлемдік деңгейдегі халықаралық ұйымдарды қосу барысында іске асуда. Соған қарамастан, халықаралық қатынастар жүйесіндегі бүгінгі құбылыстың дамуын, оның ішінде мемлекетаралық шиеленістерді бастан кешіре отырып, ынтымақтастыққа ұмтылуын түсіну үшін, оның шыққан түп-тамырын, өткен тарихын және мәнін жан-жақты сараптау, өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

      Сондай мемлекетаралық шиеленістер, ғасырлар бойы француз-герман ұлтын қарама-қайшылыққа, бақталастыққа итермеледі. Осы орайда, Еуропа құрылығындағы Рейн өзенінің алқабы – көптеген ғасырлар бойы саяси және әскери қатынаста, Еуропадағы ең мазасыз аудан болып келді. Сол себепті де Рейн бойындағы көршілес мемлекеттер десе, еуропалықтардың көз алдына ең алдымен Франция мен Германия мемлекеттері елестейді. Ал негізінде, бүгінгі күні, Рейн өзені алты мемлекет – яғни, Швейцарияның, Лихтенштейннің, Австрияның, Францияның, Германияның және Нидерланды мемлекеттері арасындағы шекара рөлін атқарады.

      Халықаралық қатынастар тарихына үңілетін болсақ, Рейндік көршілестік әр кезде де Германия мен Франция үшін оңай болмағандығын көреміз. Мұның өзі тарихи тұрғыдан алғанда, мемлекеттердің даму барысында, әлемдік қоғамдастықтың бір-біріне экономикалық жағынан да, саяси тұрғыдан да басыбайлы болғанымен, және келешек мемлекетаралық үйлесу парқы жоғары деңгейде тұрғанымен де, бұл өз кезегінде мемлекетаралық қатынастағы бақталастық пен бәсекенің болуын жоққа шығара алмайтындығының