Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

қаласын толығымен қоршауға алып, батыс зонамен қатынасты тоқтатады. Сол кездегі Берлин қаласындағы кеңестік өкіл маршал Соколовский «Бұл қоршау Лондон, Вашингтон және Париж жағы батыс зонада жаңа мемлекет құру жоспарынан қайтпайынша, тоқтатылмайтындығын» мәлімдейді. Батыс одақтастар Батыс Берлин қаласына азық-түлікті ендігі жерде әуе жолы арқылы тасымалдауға мәжбүр болған еді. Берлин қаласын толығымен қоршау 1949 жылдың 12 мамырына дейін созылған болатын. 1949 жылдың 22 мамырынан 20 маусымына дейінгі аралықта Париж қаласында өткен төрт Сыртқы істер министрлерінің Кеңесінде Кеңестер Одағында Молотовтан кейінгі Сыртқы істер министрі болған Вышинский батыс зоналардың өзін-өзі билеу жөніндегі жобамен келіспейді. Яғни осы кезеңде батыс зоналарда жаңа мемлекеттің Негізгі заңын қабылдау талқыланып жатқан еді. Батыс зонада бұл заңды конституция деп атамай, оны Негізгі заң деп атауы, оның уақытша екендігін көрсетеді. Яғни Конституция тек Германия тұтас бір мемлекет болғанда қабылданатындығын жариялайды. Батыс зонада Негізгі заңды дайындау 1948 жылдың 1 шілдесіндегі Франкфуртте қаралған құжаттарда белгіленеді. 1948 жылдың 10-23 тамызында өткен конституцияға байланысты жиылыс және 1948 жылдың 1 қыркүйегінде ландтагтардан келген 65 өкіл қатысқан Бонн қаласында өткен Парламенттік кеңесте Негізгі заңның жобалары талқыланады. Негізгі заңның түп негізінде еркін демократиялық құрылыс Федералды конституциялық сот жағынан қорғалатындығы белгіленеді. Негізгі заңның 20.4-бабы бойынша демократиялық, әлеуметтік және федеративті тәртіпті жоюға тыйым салынады. Яғни бұл міндеттемелер ендігі жерде бұрынғы ұлттық-социалистік диктатура сияқты кезеңнің қайталанбауына тосқауыл еді. Негізгі заң неміс халқына «келешекте біртұтастыққа ұмтылуға» үндеу тастады. Сондай-ақ Негізгі заң бұрынғы Веймарлық кезеңдегі қателіктерді қайталамауға, яғни фашизмнің үкімет басына келуі, Веймарлық конституцияның жетілмегендігінің нәтижесі еді. Сонымен, осы Негізгі заң 1949 жылы 23 мамырда Конрад Аденауэрдің төрағалығымен өткен Парламенттік кеңесте халыққа жарияланады. Шын мәнінде, бұл заң неміс жерінде бұған дейін қабылданған заңдардың ішіндегі ең жетілгені және еркіндікті уағыздаған ең беделді конституция болды. Негізгі заң ең алдымен, адам құқына көңіл бөліп, діни бостандықты, өз ойын еркін білдіруді, сөз бостандығын, жеке меншікті қорғауға кепілдік береді. Мәдениеттің, ғылымның еркін дамуын, топтарға бірігу еркіндігі, хат алмасу, телефон арқылы байланыстың құпиялылығын сақтау, еріксіз жұмыс жасатудан қорғау парқы, еркіне қарай әскери қызметтен бас тарту құқымен қамтамасыз ету, жекеменшікке қол сұқпау және т.б. құқықтар сақталған. Сондай-ақ теңдік құқы да айқындалған. Яғни ешкімді де, оның жынысына, шыққан тегіне, тіліне, дініне, шыққан отанына, наным-сеніміне және саяси көзқарасына сай бөліп, жеңілдік жасамау, барлық адамдар заң алдында тең екендігі белгіленеді. Әйел теңдігін де атап өткен. Тек азаматтық құқыққа келетін болсақ, ол негізінен неміс ұлтына ғана бағытталған. Бұл – саяси өмірге қатысуға лайықты саяси құқықтар,