Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

мен сауда біртіндеп құлдырады. Мемлекеттің қаржы жағдайы қатерлі кезеңді басынан өткеріп жатты. Асыл металды теңгелер азайып, баға көтеріліп, алым-салық жинау күшейді. Экономикалық жағдайдың нашарлауы, ең алдымен, қарапайым адамдарға ауыр соқты. Мемлекеттік билік өзінің тұрақтылығын жоғалтты. ІІІ ғасырда мемлекет варварлардың шабуылынан көптеген жерлерінен айырылды. Варварлардың шапқыншылығынан Рим мемлекеті жоғарғы Германияның құнарлы далалары және Дакия сияқты бай провинцияларын біржола жоғалтты. Рим империясының дағдарысты тоқтатуға, уақытша болса да ушыққан әлеуметтік және саяси қатынастарды тұрақтандыруға шамасы жетпеді. ІІІ ғасырда сенаторлық аристократия барлық қолбасшылық қызметтерден қуылып, провинциялардағы атты әскерлер құрамы өзгертілді. Рим сенаты жоспар құру және оны шешу өкілділігінен тықсырылып, тек «тақ кеңесінде» қаулы шығара алатын болды. Мұндай саяси өзгерістер, әсіресе Диоклетиан (284-305) және Константин (306-337) билігі кезінде болды. Доминант немесе Кейінгі Рим империясы пайда болып (284-476) өмір сүрді. Император тағы үшін күрес және үміткерлер арасындағы азаматтық соғыстар, варварлардың дүркін-дүркін шабуылы елді экономикалық тығырыққа тіреп, империяның дағдарысын күшейтті. ІІІ ғасырда империяның экономикалық құлдырауы және саяси тұрақсыздық адамдардың психологиясына әсер етті. Тақ тұрақсыз болды, 50 жылда 22 монарх ауысып үлгерді. Енді Рим бұрынғы қуатынан айырылып, күйреуге жетті. Провинциялар орталыққа бағынуды қойды, оларға бірыңғай заң күші жүрмеді. Әйгілі «Рим еркіндігі» заңдастырылды. Осылардың барлығы қоғамның психологиясы мен рухани өміріне әсерін тигізді. Адамдар енді құтқарушы Рим құдайларына сенбейтін болды. Олар жаңа дін – иудейден шыққан христиандыққа бет бұра бастады.

      ІІІ ғасырдың аяғында тереңдеген дағдарысты болдырмау үшін уақытша нәтижесін берген реформаторлық қайта құру шаралары қолға алынды. Арендаға жер берудің жаңа түрлері пайда болды. Эмфитевис – өз үлесіндегі жерлерде кең құқықтар арқылы жерді аз ғана төлемге жалға берді. Келесі ұсақ жалға беру – прекарий, яғни ұзақ мерзімдік немесе өмірлік аренда жүйесі енгізілді. Эмфитевсистер қазынамен шіркеудің ірі жер иелерінен жалға жер алушылар еді. Оның мәнісі эмфитевсистер өздерінің құқығын пайдалана отырып, жер иелеріне жыл сайын белгіленген төлемдерін өтеуге және шаруашылықты жақсы жүргізуге міндетті болатын. Олардың иелік ету құқығы бойынша жерлерін жалға бере алатын, мұраға қалдыратын, тіпті сата алатын болды. ІV ғасырдағы колондардың ірі жер иеленушілерге кіріптарлығы салдарынан әлеуметтік статусы әртүрлі деңгейдегі топтар қалыптасты. Мүліктік иелену құқығының артықшылығын кең түрде иемденушілер ерікті колондар – либери, одан кейінгілері оригинарий болды.

      Император билігі күшейтіліп, сенат маңызы түсірілді. Доминат жүйесі Рим дүниесінде жаңа әлеуметтік, экономикалық жағдайдың қолайлығына жағдай жасады. Осы арқылы біріккен Рим күшпен үш құрлықтың елдерін ұстап тұрды. Доминат дәуіріндегі реформалар Рим мемлекетінің құлдырауын жарты ғасырға шегіндірді. Алайда империяны құтқаруға