Название | Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім |
---|---|
Автор произведения | Рыскелді Мырзабекова |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9 |
Қытайдың ішкі тұрақтылығына әсер ететін факторлардың бірі жұмыссыздық болып табылады. Бұл саладағы ресми мәлімет 4,5 % болса, шындыққа жанасатын кейбір мәлімет 28 % құрайды. Бұл Қытайдың үлкен және орта қалаларындағы көрсеткіштер. Қытай үкіметі миграциялық мәселені шешу және қалалықтар мен ауылдан келіп қоныстанушылардың мәртебесін теңестіру үшін «Еңбекпен қамту» заңын қабылдаған. Бірақ бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге қабілетті болмай келеді. Сонымен бірге Қытайдың қазіргі кездегі жыл сайынғы демографилық өсімінің деңгейі өте жоғары. Мысалы, Қытайда жыл сайын 190 млн. бала дүниеге келсе, оның 90 миллионы қалаларда дүниеге келеді. Бұндай демографиялық қарқынмен елдегі жұмыссыздық мәселесін шешу мүмкін емес. Қазір іске асырылып отырған реформадан барлық Қытай халқы қолайлы нәтиже көріп отырған жоқ, қытайлықтардың 60 % кедейшілікте, немесе, оған жақын деңгейде өмір сүріп отыр.
Қытайдағы келесі ішкі мәселе мемлекеттегі жасы ұлғайған адамдар санының салыстырмалы түрде көп болуы. Бүгінгі таңда Қытай әлемдегі ең «кәрі» ел. 65 жастан асқан адамдар 7,5 % құрайды. Ал 2050 жылға қарай жорамал бойынша 28 % болады. Яғни, тұрғындардың төрттен бірі экономикалық белсенді қимылдан тысқары қалады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере келе, Қытай жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық өсімді 8,5 % төмендете алмайды.
Сарапшылардың көрсетуі бойынша соңы кезде пайда болған күрделі мәселе Қытайдың инновациялық дамуы. Себебі Қытай жоғары технологиялар иесі емес және жақын аралықта ондай жетістікке қол жеткізуге мүмкіндігі жоқ. яғни, өндірістің экстенсивті түрі үстемдік жүргізеді.
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі ҚХР-дың сыртқы саясаты. Қытай қазіргі кезде халықаралық қатынастардың жай ғана қатысушысы емес, ол өзін жетекші ойыншылардың қатарынан көрінгісі келеді. Бұл АҚШ пен Ресейдің алаңдатушылығын тудырады. АҚШ, Ресей, Қытай арасында көптеген шешуін күтіп отырған мәселелер бар. Екінші жағынан Ресей мен Қытайды «ортақ жау» АҚШ-тың болуы жақындатып отыр. АҚШ тарапынан әскери қауіп болып тұрған кезде Қытай мен Ресейдің қарама-қайшылығының сипаты жасырын түрде болып келеді. Егер АҚШ тарапынан болатын әскери қауіп жойылатындай күн туса, Ресей мен Қытай арасындағы күрделі мәселелер судың бетіне шығып, олардың түрі де, сипаты да өзгеруі мүмкін.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив