Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.



Скачать книгу

Бұл күресте «мәдени революция» кезінде қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті. ҚКП жаңа басшылығының әрекеттері реформалар жасаумен байланысты болды. Мао Цзэдун саясаты қате деп жарияланды, «секірістер» мен «реттеу» науқандары елге және халыққа үлкен зиян келтірген құбылыстар ретінде айыпталды. Аралас экономика құруды, рынок механизмдерін пайдалануды, шетел капиталын келтіруді қарастырған ұзақ мерзімді бағыт белгіленді. Біреулер «қытайлық сипаттағы социализм» құрамыз десе, екіншілері «қытайлық ерекшіліктері бар капитализм» құру керек деді.

      Реформалар жүйесіндегі басты шара селолық жерлердегі коммуналарды таратып, кооператив құрылысын жою, отбасылық мердігерлік енгізу болды. Өнеркәсіпте тұрмыстық техниканы шығаруға баса назар аударылды. Бұл үшін өнеркәсіпте құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, ауылшаруашылығы халықты азықтүлікпен қамтамасыз етсе, өнеркәсіп телевизорлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, жиһаздарға байланысты күнделікті сұраныстарды қанағаттандырумен айналысты. Ұсақ бизнеске қолдау көрсетілді. Шаруалар артық өнімдерін базарларда еркін сата алатын болды. Жағалаулық қалаларда еркін немесе жеңілдікпен пайдаланатын кәсіпкерлік аймақтар ашылды. Бірақ мемлкеттік сектор әлі де басым еді. Ал, әкімгершілік жүйе нарықтық қатынастардың толық дамуына мүмкіндік бермеді. Реформалар мемлекет тарапынан қатаң бақылау жағдайында іске асырылды.

      Мемлекеттің адамға үстемдігі Қытайда ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Ел созылмалы дағдарыстар (азық түліктік, демографиялық, экологиялық және ресурстық) жағдайында өмір сүріп келді. 1988-1989 жылдары Қытайда елеулі толқулар орын алды. Демократияны талап еткен студенттердің ереуілі аяусыз басылып, жүздеген студент атылды, мыңдаған студент жарақат алды. Билік орындары саяси және экономикалық себептерге байланысты қоғамға бақылауды әлсіретуден қауіптенді. Әлеуметтік шиеленіс қалалардан деревняға қарай ауысты, себебі онда әл-ауқаттың өсуі баяулады.

      1992 жылдан бастап шаруашылықты реформалау өз дамуының жаңа кезеңіне өтті, барлық экономикалық саясат идеологиясыздандырылды және жоспарлы реттеуден нарықтық қатынастарға көшу басталды. Егер 80-жылдары мемлекеттік сектор бүкіл өнеркәсіп өнімінің 80 % берсе, 90-жылдары бұл көрсеткіш 50 % дейін төмендеді. Кәсіпкерлікке партиялық және мемлекеттік аппарат, шенеуніктердің ағайын-туыстары араласа бастады. Реформа бағытын «жоғарыдан» қолдады. Қытайдың экономикалық дамуында конфуцийлік дәстүрлер аса зор рөл атқарды (еңбек мәдениеті, ақысы төленген жұмысқа ынталылық, табыстың өз еңбегіне байланыстылығы және адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі).

      Қайта құру Қытайды сақтап қалды. Бірақ даму барысында жаңа қиындықтар пайда болды. Олардың ішіндегі ең бастысы нарықтық жекеменшік қатынастардың миллиардтан аса халқы бар елді бақылаудың авторитарлық және әміргершіл-әкімгершіл формаларымен сәйкес келмеуі болды.

      1979 жылы қытай-кеңес келіссөздері басталды. Кездесу сыртқы