Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Читать онлайн.
Название Шежірем сыр шертсе
Автор произведения Тажис Мынжасар
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2015
isbn



Скачать книгу

– франц. ғалымы Дюканже. Бергі кезде бұл пікірді Н.А.Аристов пен В.В.Бартольд те жақтады. Осындай ойды 13 ғ-да Марко Поло да айтқан. Қашғария өлкесін, Жетісу, Алакөл өңірегін аралап жүріп, ол былай дейді: "Бұл жерде Арғон дейтін ел бар. Олар екі атаның араласуынан құралған. Ислам дінін қолданады. Түрі сымбатты, өздері ақылды, сауда істейді. Керей Уан ханның жерін қоныстайды". Автордың айтып отырған жерлері–Ертіс бойы, Шыңғыстау, Қарқаралы даласы, Аякөз төңірегі", -деп жазылған (Алматы. 1972 ж.. 1 т. Арғын. 450451 б.б.).

      Тарихта аттары қалған әйгілі Қотан жырау, оның әрі батыр, әрі би ұлы Ақжол, атақты шақшақ Жәнібек, Абылай ханмен жоңғар басқыншыларына қарсы иық тіресе соғысқан, оның жауынгер серігі қанжығалы Бөгенбай батыр, аты алты алашқа әйгілі Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы осы жұрттың түлектері. Осындағы арғынның Мейрамынан өрбитін Қаракесектен бастау алатын бір тармақ Бошан ұрпақтары. Одан–Машай, одан–Бораншы, одан–Тілеулі, одан–Кәрсөн (Керей немесе Қарсан, Қарсын), одан–Тәңірімберді, одан–Бекназар, одан–Таныбай батыр (Түркістанда Қожахмет Яссауи мавзолейі іргесінде жерленген), одан–Бапақ, одан–Пұшан, одан–Шыңғысбай, одан–Байғон, одан–Мұқашбек, одан бүгін біз білетін, зауытта бірге еңбектеніп жүрген Жобалайбек ұрпақтары тарайды.

      Осы ретте бір айта кететін жайт, арамызда ғылыми деректерге терең бойламай, мәліметтерін қайдан алғандарын өздері де анық білмейтін, жаңағы біз тілге тиек еткен тарақты мен тобықтыны арғын емес деп көпе-көрнеу босқа даурығушылар бар.

      Жоғарыда айтып кеткендей, Тарақтының қыздың баласы, жиен екендігі рас. Бірақ қалың арғын бас қосқан үлкен жиында дәстүр бойынша боз биені сойдырып, қолына жілік ұстатып, өз баламыз деп атағасын, ал кейін аз болғандай оны жай емес, арғынның "ноқта ағасы" деп жариялағасын оны бүгін арғын емес деп қалай айтпақпыз. Әлде ертеде өтіп кеткен ақсақалдар бас қосқан сол алқалы жиын шешіміне сенімсіздік білдіріп, оны бүгін жоққа шығаруымыз керек пе екен? Әуелі, бақадай басымызбен, тұрымтайдай тұсымызбен талай ғасырлар өтіп кеткесін өйтуге бүгін біздің қақымыз бен құқымыз бар ма екен, соны ойланбаймыз ба? Ұлы жүзде жалайыр жоқта бас ұстайтын сарыүйсін де, кіші жүзде адай да осындай қыздың балалары. Бірақ соған қарап оларды ешкім ұлы жүз немесе кіші жүз емессің деп айтып жүрген жоқ ғой. "Аспанда құдай, ортада адай, жерде мұнай" дейтін адуынды адай ағайындарға кіші жүз емессің деп бетіне басып айтып көріңізші, не дер екен сізге.

      Сол сияқты біз білетін тарих, шежіреден әкесі мен анасы анық белгілі арғынның тобықтысын да қай дерекке сүйеніп бөтен дейтіндері түсініксіз. Ондайларға сонша білгір болсаңдар тарақты мен тобықтының әке-шешесінің атын атап, түсін түстеп, қайдан, кімнен тарайтындықтарын, егер олар алты арыс орта жүзге кірмесе, онда қай жүзге, оның қай ру-тайпасына қарайтындықтарын анық айтып берер, қарсы қояр уәждерің қайсы демекпіз? Әлде олар жүздерге кірмейтін рулардан ба екен? Ондай да дәлелдері жоқ. Ендеше, алдымен ғылыми негізі бар