Название | Жан сырым |
---|---|
Автор произведения | Бритни Спирс |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2023 |
isbn | 9786018224096 |
Отбасымның жағдайы күрт өзгеріп, нашарлап кетуі мүмкін еді. Еш нәрсе істей алмай қалуым мүмкін еді. Менде тек өз өнерім ғана бар еді. Манхэттендегі конференц-залда армандарымды жүзеге асыра алатын әйелдің алдында тұрғанда ғана әлдененің өз бақылауымда екенін сезетінмін.
6
Он жасқа толғанда мені «Star Search» жарысына шақырды.
Бірінші шоуда мен Джуди Гарлендтің айтқан «I Don’t Care» деген әнін орындадым. 3,75 ұпай алдым. Қарсыласым – опера айтқан қыз 3,5 алды. Сөйтіп, келесі кезеңге өттім. Келесі эпизод сол күні кешке таспаға түсірілді, шашында жылтыры бар, галстук таққан, он екі жастағы Марти Томас есімді баламен шықтым. Біз дос болдық, қойылым алдында бірге баскетбол ойнадық. Мен бір жыл бұрын апайымның тойында айтқан Джаддтың «Love Can Build a Bridge» әнін орындадым.
Ұпай жариялауын күтіп отырғанымызда, жүргізуші Эд МакМахон Марти екеуімізден сахнада сұхбат алды.
«Мен өткен аптада сенің көздеріңнің сондай сүйкімді де әдемі екенін байқадым», – деді ол маған.
«Сенің жігітің бар ма?»
«Жоқ, сэр», – дедім мен.
«Неге жоқ? – деді Эд. – Жігіттердің бәрі дөрекі дейсің бе? Мен ондай емес болсам ше?»
«Енді ол адамға байланысты», – дедім мен.
«Осы жауапты жиі естимін», – деді Эд.
Мен қайтадан 3,75, Марти 4 алды. Күлімдеп, сыпайы түрде құшақтадым, сахнадан кетіп бара жатқанымда Эд маған сәттілік тіледі. Өзімді сахнадан кеткенше әрең ұстадым, бірақ сахна сыртына бара сала еңіреп сала бердім. Содан кейін анам маған балмұздақ әперді.
Анам екеуіміз Нью-Йоркқа қайта-қайта ұшып келіп жүрдік. Кішкентай кезімде қалада жұмыс істеу қарқыны мен үшін қорқынышты болса да, қызық еді.
Сосын маған Бродвейдегі «Ruthless» мюзикліндегі қосалқы рөлдерді дублер ретінде сомдауға ұсыныс жасады! Тина Денмарк есімді социопат бала жұлдыз рөлін ойнадым. Тинаның алғашқы әні «Born to Entertain» деп аталатын. Бұл әннің мағынасы маған жақын болды. Қасымда бірге дублер болып жұмыс істеген Натали Портман есімді талантты жас актриса болды.
Шоуда ойнап жүргенімде біз – анам, кішкентай Джейми Линн және мен Кәсіби өнер мектебінің жанынан шағын пәтер жалдадық, оған қоса жақын жердегі Бродвей би орталығынан сабақ алдым. Алайда уақытымның көп бөлігін қала орталығындағы өнерпаздар театрында өткіздім.
Бұл маған өз-өзіме театр әлемінде өнер көрсетуге талантым жеткілікті екенін дәлелдеу үшін тәжірибе еді. Ол өте қажырлы, күнделікті еңбекті талап етті. Кәдімгі бала болуға немесе достасуға уақыт болмады, өйткені маған күн сайын жұмыс істеуге тура келді. Жексенбі күндері қатарынан екі шоу болатын.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета