Название | Жан сырым |
---|---|
Автор произведения | Бритни Спирс |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2023 |
isbn | 9786018224096 |
Сондықтан оның арнайы төсегі болды, ата-анам менің оның қасында ұйықтауым үшін аяқ жағына шағын матрас төсейтін.
Ағамның гипсін шешкеннен кейін де бірге ұйықтап жүрдік. Кішкентай қыз болсам да, ағамның қиналып жүргенін, әкемнің оған тым қатал екенін іштей сезіп жүрдім. Оны жұбатқым келді.
Ақырында біраз уақыттан кейін анам маған: «Бритни, алтыншы сыныпта оқисың, енді бөлек ұйықтауың керек!» – деді. Қарсы болдым.
Тым кішкентай едім, жалғыз ұйықтағым келмеді.
Десе де анам алған бетінен таймай, ақыры көнуіме тура келді.
Бөлек бөлмеге көшсем де, ағама өте жақын болып өстім.
Ол да мені жақсы көрді. Оған деген махаббатым нәзік, қауіпсіз еді. Ал есейгенде ағамның тым қатты қиналғанын көп көрдім.
Ағамның жағдайы жақсарғаннан кейін қаланың қоғамдық өміріне тығыз араласып кеттік. Біз тұратын қала небәрі екі мың адам тұратын шағын қала болғандықтан, жылына үш рет қана той тойлайтын – Марди Грас, төртінші шілде және Рождество. Бұл шараларды бүкіл қала болып күтетінбіз. Көшедегілер күлімсіреп, қол бұлғап, бір күнге қым-қуыт өмірін артта қалдыратын. Тұрғындардың көбі 38-тасжолда баяу жүріп бара жатқан адамдарды тамашалау үшін асығатын.
Бір жылы біз бір топ бала болып гольф арбасын безендіріп, Марди Грас шеруіне шығаратын болдық. Арбаға сегіз бала отыратын болды, әрине, тым көп. Кішкене гольф арбасына жамырап отыратын болдық. Салмағымыздан гольф көлігінің дөңгелегі мыжылып кетті. Бәріміз он тоғызыншы ғасырдың костюмдерін кидік. Неге екені есімде де жоқ. Мен алдағы үлкен балалардың алдында бәріне қол бұлғап отырдым. Бәріміздің салмағымыз ауыр болған соң, әлгі көлікті басқару қиындап кетті. Алдымызда тұрған көлікті бірнеше рет соқтық, сөйтіп, ол жерден қуылдық.
4
Әкем қайтадан араққа салынған кезде бизнесі құлдырай бастады.
Ақша тапшылығына әкемнің құбылмалы көңіл күйі қосылды. Әкеммен бірге көлікке отырудан қорқамын, өйткені көлік жүргізіп келе жатқанда өзімен-өзі сөйлесетін. Айтқан сөздерін түсіне алмаймын, өз әлемінде жүреді.
Әкемнің араққа салынып, бәрін ұмытқысы келуінің себебі бар екенін сол кезде түсіне бастадым. Жұмыстан қатты күйзеліске түсетін. Сол кездері оның өз әкесінен көрген қорлықтың салдарымен солай күресіп, өзін солай емдейтінін түсіне бастаған едім. Дегенмен ол кезде оның бізге неге сонша қатыгез болғанын, неге біздің ісіміз көңілінен шықпайтынын түсінбейтінмін. Ең өкініштісі, әрқашан мені осы қалпымда жақсы көретін әке болғанын қалаппын. Әкемнің «жақсы көремін, балам, не істесең де, шексіз жақсы көремін» дегенін қаладым.
Әкем маған немқұрайлы, суық, қатыгез болды. Ал Брайанға одан да қатал болды. Спортта үздік болуға қатыгездікпен итермеледі. Брайанның сол жылдардағы өмірі менікінен әлдеқайда қиын болды, өйткені Джун әкемді қалай қинаса, әкем де өз ұлына соны жасады. Брайан икемі болмаса да, баскетболмен де, футболмен де айналысуға мәжбүр болды.
Әкем