Название | Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) |
---|---|
Автор произведения | Мао Сяо |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2025 |
isbn |
Адамдардың аспанға көтерілу жолы көп бол-ғанымен, мынадай бірнеше түрлі әдісі бар:
1. Аспанға баспалдақпен көтерілуге болады. Баспалдақтың екі түрі бар, бірі шөптен жасалған баспалдақ, екіншісі ағаш баспалдақ. Ағаш баспалдақ ағаш пен арқаннан жасалған былқылдақ баспалдақ. Шөп баспалдақ дегеніміз – ағаш жапырақтарынан жасалған баспалдақ. Адамдар жапырақты басып,аспанға көтеріледі.
2. Ағашқа өрмелеу2 арқылы аспанға көтерілу. Ағаш аспанмен тілдесіп жатады. Тек ағашқа өрмелей алсаң болды, аспанға көтеріле аласың. Оның ешбір қыр-сы-ры жоқ, меңгеруді қажет етпейді. Өйткені сол заман-да адамдардың бәрі ағашқа өрмелей алатын болған. Адамдар тік жүруді кейіннен үйренді. Одан бұрын адамдар маймыл сияқты ағаштың басында тіршілік еткен. Адамдар үйді ағаштың басына салып алатын,оны ағаш үй деп атаған.
Аспанға көтерілу үшін баспалдақтар орнатылған.
Ағашқа өрмелей алмайтындар баспалдақпен кө-теріле алады, ал баспалдақпен көтерілуге қорқатын-дар ағашпен көтеріледі (Жел соққан кезде арқан мен ағаштан жасалған баспалдақ тербеліп тұрады, ал шөп баспалдақ жаңбыр жауған кезде тайғақ болады).
Ал осы екі баспалдақпен жүре алмайтын болсаңыз,баспалдақтың қасына барып, Құдайды күтсеңіз бол-ды, ол өзі аспанға ала кетеді. Ол заманда қазіргідей көп ереже мен қағида болған жоқ. Құдай адамдарды еш кедергісіз көкке алып кете беретін.
Құдайлар адам жасаған кейбір жергілікті өнімдерді аспанға алып кете алған, бұл контрабандаға жатпай-тын.
Кейбір Құдайлар шаш қыстырғыш, сырға, алқа,білезік және шам сияқты қолдан жасалған нәрселерді жақсы көретін. Бұл заттардың ең үлкен ерекшелігі – тез тозады не тез сынып қалады. Құдайдың заты оңайлықпен сынбайды, тек жалықтырып жібереді. Олардың тарағы тозбайды, жүздеген жыл қолдануға жарай береді. Ал адамдар жасаған заттар тез тозады,оның орнына жаңасын алуға тура келеді. Ескінің ор-нын жаңа басады деген осыдан қалса керек. Не десек болады: Құдай да жаңа нәрсені ұнатады.
Аспандағы заттарға қарағанда жердегі заттар ар-зан келеді.
Сол себепті Құдайлар жерге түсіп, өздеріне керекті заттарды сатып алып қайтады.
Кей пысықтар жердегі заттарды аспанға апарып,ал аспандағы заттарды жерге әкеп қымбатқа сататын.
Сондықтан кейбір көктен келген заттар уақыт өте келе таптырмас қазынаға айналды.
Бұл қазына пейілі түзу адамның қолына түссе жақ-сы, өйткені олар ашкөз болмайды. Ал қазына пиғылы жаман адамдардың қолына түсе қалса, олар одан бетер ынсаптан айырылып, мыстан, құбыжыққа ай-налып шыға келеді. «Батысқа саяхаттағы» құбыжық,мыстандардың көбі
2
«Таулар мен теңіздердің классикасы· Қытай теңізі» мен «Таулар мен теңіздердің классикасы· Қытай теңізінің оңтүстігі» деген ең-бекте айтылатын жасыл жапырақтары мен күлгін сабақтары, қара гүлдері мен сары жемісі бар ағаш. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз