Название | Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) |
---|---|
Автор произведения | Мао Сяо |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2025 |
isbn |
Ол бұлт болса бұлтқа, айдаһар болса айдаһарға мініп кете береді. Айдаһар өте тәкаппар, ол жай адамдарды мінгізбейді. Бірақ айдаһарды Құдай шақы-ра алады, айдаһар Құдайдың айтқанынан шықпайды. Ол Құдай қалаған кезде қасына жетіп келеді де, оны мінгізіп, аспанға алып кетеді. Кей адамдар әулиеге айналып кетеді, сол әулиелер бірінші рет аспанға кө-терілетін кезде де оларды айдаһар келіп алып кетеді екен.
Айдаһар өктем келеді, оған не істеуге болады! Е Гун деген адам айдаһарларды өте жақсы көреді екен. Ол үйінің барлық қабырғасына айдаһардың су-ретін салып тастапты. Айдаһар мұны естіп, Е Гунды көруге келіпті. Сөйтсе, айдаһарды көрген жерде Е Гун шошығаннан өліп қала жаздапты. Е Гунды көрген кез-де айдаһар да әдейі доңыз айбатын сыртына салып,аузын арандай ашып, сес көрсетсе керек. Егер сіз мінетін бұлт таппай қысылсаңыз немесе таксистер сияқты алып кететін айдаһарларды таппа-саңыз, Құдай амалын тауып өзі-ақ: «Ом мани падме хум» деп, зу етіп жетіп келеді.
Ол жеті қабат жер астын шарлап жетеді. Адамдар Құдайдың жер астын шарлайтын қиқыметінен шабыт алып, метроны ойлап тапқан екен деседі. Жеті қабат жердің астын шарлау техникасынан басқа сиқырлы да тылсым әдіс бар: ол – жерді (жол-ды) қысқарту әдісі.
Қарапайым тілмен айтқанда, электронды кар-тадағы кішірейту түймесін басып қалсаң, бүкіл жер кішірейіп көрінеді ғой. Ол да бейне сол сияқты. Мыңдаған шақырым жол әудемде бір метрге де жет-пейтін болып қысқарады. Құдай мыңдаған шақырым қашықтықты бір аттап жетіп келеді.
Сондықтан мейірімді Құдайға кез болсаң, бас тар-тушы болма, ол сені қалаған жеріңе жеткізіп салады.
Бәрі де құдіреті күшті Құдайдың қолында.
Дегенмен Құдайдың қолынан келмейтін нәрселер де бар.
Мысалы, Құдайға тағам тола дастарқан әзірлеу қиын емес, бірақ тағамды өз қолымен дайындауды өтінетін болсаң, ол оның қолынан келмейді:
«Пиязды қандай ұзындықта кесу керек?»
«Тофуды қуыру керек пе?»
«Тұз салғыш қайда?»
«Қаншалықты тұз салу керек?» Мұның бәрі ол үшін шынымен де қиын!
Құдай тамаша табиғи гүлзарбақты, табиғи көркем көлді, әдемі табиғи самалдықты лезде жасай салады. Бірақ сіз одан орындық жасауды өтінетін болсаңыз: «Осы орындықтың сирағын теп-тең етіп кескенді біле алмай-ақ қойдым, кесе-кесе жоқ қылатын болдым» деп қайран болады…
«Орындықтың сирағы мен бетін шегесіз қалай тұрғызуға болады?»
«Мынау орындық неге тербеле береді?» Құдайдың өзі жасаған орындық шынымен де мықты болмайтын.
Сол заманда Құдай адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнататын.
Тіпті қызық болатын.
Адамдар үшін қарапайым дүниелер Құдай үшін таңғажайып нәрсе болып көрінетін.
«Тастан да гүл оюға бола ма? Қалай оюға?»
«Күріштің өзін жеуден өзге, одан талқан жасау-ға, торт жасауға болады екен… иісі қандай кере-мет!..»
«Жастыққа бастарың тисе болды ұйықтайсыңдар,оның сыры неде?»
«Ағаштың