Название | Адвокатпен сұхбат |
---|---|
Автор произведения | Тайыр Күзекұлы Назханов |
Жанр | Юриспруденция, право |
Серия | |
Издательство | Юриспруденция, право |
Год выпуска | 2020 |
isbn |
Осы жерде Даниял маған негізгі сұрағын қойды, оның жауабы – бұл бүкіл осы кітаптың мазмұны. «Негізінде, қылмыспен Геракл, Робин Гуд, тіпті біздің Алдар Көсе немесе орыс эпостарының кейіпкері Илья Муромец сияқты мифологиялық және әдеби кейіпкерлер күреседі ғой», – деді ол. Алдар Көсе арам және алдамшы байларды жазалайды, ал Илья Бұлбұл-қарақшыны ұстайды. Егер де, жаңа буын кейіпкер- лерін алып қараңыз, онда барлық «супермендер» мен «өрмекшілер», «Америка капитандары» және «мысық әйелдер» қылмыспен күресуде. Сонымен, олардың қызметін «қылмыстық процесс» немесе, кем деген- де, «қылмыстық қудалау» деп атауға бола ма?
«Ешқандай жағдайда!» – дедім мен. «Өткен және қазіргі за- манғы ертегілердің барлық кейіпкерлерінің істері, іс жүзінде, бұл тек тергеусіз сот пен озбырлықтан басқа ештеңе емес»! Алда, біздің диалогтарымызда, түсінікті болу үшін, өзімді жәй Тайыр, ал менің сұх- баттасушымды – Даниял деп атайтын боламын.
ДАНИЯЛ – «Бірақ олар әділеттілік үшін күресіп, қылмыскерлерді жазалайды ғой»!
ТАЙЫР – Өткен ғасырларда бұл эпостар мен ертегілердің тыңда- ушылары мен оқырмандарына ұнаса, ал бүгінде кино көрермендеріне ұнайды. Келісемін. Алайда, бәрін жете түсініп алайық. Міне, даңқты батыр Илья келе жатып, ағашта отырған Бұлбұл-қарақшыны көреді. Со- нымен, ол не істейді?
ДАНИЯЛ – Ол оны әділ жекпе-жекте жеңіп, қапқа салып, Киевке апарады, онда оның басын шабады. Қылмыстық жазадан несі кем?
БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ ҚҰС…
ТАЙЫР – Мына екі мысалды қарастырып көрейік – Илья Муромец және Алдар Көсе, алайда, ертегі емес, қазіргі заманғы құқықтық тұжы- рымдамалар тұрғысынан қарастырайық.
ДАНИЯЛ – Келісемін, бәрі мифологиялық шындықта емес, біздің заманымызда және біздің уақытымызда болып жатыр деп көрейік.
ТАЙЫР – Біріншіден, Ильяға Бұлбұлға шабуыл жасауға, оны қама- уға алуға, еркіне қарсы бір жерге сүйреп апаруға кім рұқсат берді? Ал, одан кейін оны жазалап, өлтіруге кім рұқсат берді?
ДАНИЯЛ – Алайда, ол нағыз қарақшы емес пе? Қаншама жанды құрбан етті.
ТАЙЫР – Оны кім дәлелдеді? Дәлелдер қайда, айғақтар ше? Ысқы- рды ма? Бірақ ысқыру, тіпті ең қатты және жағымсыз болса да, бұл қыл- мыс емес. Ары кетсе, қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады.
ДАНИЯЛ – Бірақ, сол жерде, оның ағашының айналасында адамның сүйектері шашылып жатты, ал жол болса қаңырап, арамшөптер басып кеткен және де ол Ильяны қорқытты емес пе?
ТАЙЫР – Ол кімнің сөзінен белгілі болды? Ильяның сөзінен бе? Қисынсыз қарама-қайшылық туралы айтпай-ақ қояйын – жолды арамшөп басып кеткен, демек, оның бойымен