Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов

Читать онлайн.
Название Адвокатпен сұхбат
Автор произведения Тайыр Күзекұлы Назханов
Жанр Юриспруденция, право
Серия
Издательство Юриспруденция, право
Год выпуска 2020
isbn



Скачать книгу

есірткі тасымалдаған туралы іс жүргізгем. Заңды қорғаны халық тұтынатын тауарларды жеткізу болды. Бұл тауарлардың ішінде есірт- кі бар құпия орындар болды, олар сұлулық салондары, барлар, түнгі клубтар арқылы таралды. Міне, осы ұйымдасқан топқа жасырын агент енгізілді. Соның арқасында қылмыс ашылды. Онсыз, істің өрбуі екі та- лай еді. Іс ұзаққа созылуы мүмкін еді.

      ДАНИЯЛ – Яғни, осы топқа енгізілген қызметкер қылмысты ими- тациялады ма?

      ТАЙЫР – Иә, осы есірткі трафигіне қатыстылықты имитациялады.

      ДАНИЯЛ – Дегенмен, бұл қауіпті шығар? Леонардо Ди Каприо мен Мэт Дэймонмен бірге ойнаған «Отступники» фильміндегідей. Не- месе, есіңізде ме, Шараповтың «Кездесу орнын өзгерту мүмкін емес» телехикаясындағыдай.

      ТАЙЫР – Ия, менің ойымша, бұл жерде үлкен батылдық қажет… Көріп отырғаныңыздай, жасырын тергеу әрекеті маңызды әрі салмақты және көптеген жағдайларда пайдалы. Бірақ, әрине, оны ешкім тек- тен-тек өз еркімен жүргізе алмайды.

      ДАНИЯЛ – Ал, оған кім санкция береді?

      ТАЙЫР – Тергеу судьясы. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде жа- сырын тергеу әрекеттерін белгілі бір мерзімге, яғни бір айға ұзартуға рұқсат етілген.

      ДАНИЯЛ – Егер сіз айыптау үшін материал жинап үлгермесеңіз ше?

      ТАЙЫР – Қажет болған жағдайда олар тергеу сотының санкцияла- уы арқылы да ұзартылуы мүмкін. Бір Казинода пара алу ісі тергелгені есімде – кейінірек толығарақ айтып беремін – ол жерде олар жасырын тергеу әрекеттерін алты айға ұзартты. Осының арқасында қылмыскер- лерді ұстау және жазалау мүмкін болды.

      ДАНИЯР – Куәгерлермен қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тег- жейлі айттып өттіңіз. Ал, мұнда күәгер – құпия, былайша айтқанда агент. Оны жария етуге бола ма?

      ТАЙЫР – Мұнда да ҚР ҚІЖК-де белгілі бір рәсімдер көзделген. Агент, сіз айтқандай, бүркеншік атпен куәлік береді, жүзін жасыра ала- ды. Мұндай жағдайларда сот отырысты жабық режимде өткізеді.

      ДАНИЯЛ – Меніңше, жасырын тергеу әрекеттері өте пайдалы іс сияқты.

      ТАЙЫР – Өкінішке орай, іс жүзінде бұл тек қылмыскерлердің ғана емес, сонымен бірге процестің басқа қатысушыларының да – атап ай- тқанда, күдіктінің ғана емес, қорғаушының да, тіпті куәгерлердің де өмірін қиындата алады. Және олардың іс жүргізу құқықтарын бұзады.

      ҚҰҚЫҚТАР МЕН СЕБЕПТЕР

      

ДАНИЯЛ – Алайда, барлық тер- геулер бір жерде біреудің зорлық-зом- былық өлім белгілері бар мәйітті та- буынан басталмайды ғой.

      ТАЙЫР – Құдайға шүкір, әрқа- шан олай емес.

      ДАНИЯЛ – Ал, басқа жағдайлар- да сотқа дейінгі тергеуді бастауға не себеп болуы мүмкін?

      ТАЙЫР – Біреудің мәлімдемесі, кінәсін мойындап келуі, лауазымды тұлғаның баянаты немесе тіпті БАҚ-тағы хабарлама. Бірақ, мұнда эко- номикалық құқық бұзушылықтарды тіркеумен байланысты нюанстарды да ескеру қажет. Тергеуді бастау үшін көптеген басқа процедуралар мен тексерулерді жүргізу қажет. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты кейбір азаматтық-құқықтық мәмілелердің орындалмауынан шектеу мақсатында жасалады.

      ДАНИЯЛ – Бұл дұрыс емес қой?!

      ТАЙЫР