Название | Ел Шоңы. Бесінді. III кітап |
---|---|
Автор произведения | Қанат Жойқынбектегі |
Жанр | Историческая литература |
Серия | |
Издательство | Историческая литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005549495 |
– Сен кімнің баласысың? – деді Шоң.
– Мен Айсарының баласымын.
Шоң оған түк айтқан жоқ, атының тізгінін берді де ішке кіріп кетті. Үйде Айсарының екінші әйелі отыр екен. Кедейліктен бе, Елгелділер екі әйел алмайтын. Олардың арасында екі әйел алған Таубайдан кейін осы баласы ғана еді. Шоң онымен амандаспастан, отыра қалып құран оқи бастады. Шоңның ешқандай амандық жоқ, бірден құран оқи бастағанына түсінбей отыр ол. Шоң құранды оқып бітіре бергенде үйге Ақсары кірді. Таубай түқымымының казіргі үлкені Ақсары еді. Бұл жас жағынан Шоңнан үлкен болатын. Шоңның бір әдеті, үйде отырғанда қандай үлкен адам болмасын, бірінші орнынан тұрып сәлем бермейтін. Көптен бері есіктерін ашпай жүрген Шоңның мына келісіне таң қалып қалған ол да. Оның үстіне жасын сыйламай, сәлем бермей отыр. Ол Шоңның өзінен сөз күтіп отыра берді.
Шоң Ақсарыға ызалы еді. Ағасының өлгенін хабарлап, шақырмағанына ренішті еді. Өткен жолы жүйріктер туралы шақырғанда келмеді. Шоң оны көп күттірген жоқ, сәлден соң сөз бастаған:
– Сен, Ақсары, мен шақырғанда неге келмейсің? – Даусы қатты шықты.
– Мен сенің аулына неге барамын? – Бұл да қырсық жауап еді.
Шоң қасында отырған екі орысты көрсетті.
– Мен шақырып отырғам жоқ, мына екі орыс шақырған сені.
– Менің орыстарда ешқандай шаруам жоқ. Олардың менде не ақысы бар?
– Ақсары, есіңде болсын, сен де, мен де осы орыстарға тәуелдіміз. Сондықтан олардың айтқанын жасау біздің міндетіміз. Бұлар Кербестінің тұқымынан екі жылқы сұрап отыр. Соны бересің.
– Мен бұл орыстарға ешқандай жылқы бермеймін. Күш көрсетіп тартып әкететін болсаң, өзің білесің. Мен өз қолымнан жылқы бермеймін!
Шоңның сол арада айтатын сөзі болмай қалды. Бұл үйге бұл шаруамен келмеу керек еді деп ойлады. Мұнысы ағасы Айсары өліміне келмегеніне қазақи өкпесі екенін білді. Шоңның әлі де айтар сөзі көп еді. Бірақ айтпады. Әңгіменің