Название | Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап |
---|---|
Автор произведения | Қанат Жойқынбектегі |
Жанр | Современная русская литература |
Серия | |
Издательство | Современная русская литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005549471 |
Содан олар жүріп кеткен. Жолай Жәмке ән салып, домбыра тартып айналаны думанға бөлеп келе жатты. Жәмке өнері Шоңға тіптен қатты ұнаған еді. Содан ол жолда, сен менімен бірге Ақмолаға барып оқуға түс, -деген еді.
– Барамын, туысқандарым жіберсе…
– Ол кім?
– Сәтек деген немере ағам бар!
– Таубай ақсақал айтса жібереді.
Әңгіме осымен бітіп қалған. Эәмкеге Шоңның мына сөзі бір қанат байлағандай еді. Ол ерекше бір арманға бөленді. Көзі көреген жерге барып, оқу оқиды. Шоңның мына айтқаны түстей болып көрінді. Сыртқа шығармаса да іштей қатты қуанып келеді.
Қыз көру
Көбеннің айтқаны әсер етті ме, Шоң жол бойы үлкен толғаныста келе жатты. Қыз құшақтап, әйел алу сезімі соңғы жылдары ояна бастаған болатын. Қыз сүюге көңілде құмарлық бар. Көңілі, тек, Көбен айтқан сары қызды қаламайды,
Ақмолада оқып жүрген Шоңға төре қыздары қатты ұнайтын. Базарға барған сайын жиі көреді. Шеттерінен бір қалыптан шыққандай қара торы, Содан ба, қыздардың осындай түрлеріне көңілі құлап қалғандай. Бірақ төре қыздарының «ауылы алыс» екенін Шоң жақсы білетін. Өйткені, төрелер қара қазақтарға қыздарын бермейді. Қазақ алса байлығымен алатын, Сараң әкесі төрелердің сұраған малдарын бермейтінін білетін. Шоң көңілі тартып тұрса да төре қыздарына жуи қоймайтын. Мына жолы әкесі айтқан соң, көңілі жоқ болса да, қарсы келе алмады.
Шоң жолай басқалардан оңашаланып Әлсен, Жәмкемен ақылдасып қояды. Көңіліндегі күдігін жасырмады. Сары қыздарды ұнатпайтын, ондай қыздары сұбықаным сүймейді деген сөз айтып қояды, Егер қыз ұнамаса не істейтінін білмейтін. Жасы Шоңмен қатарлас Әлсен қызбен қатынастың қулық-сұмдықтарын жақсы білетін. Оның Шоңға айтқаны:
– Қыз адал емес екен түралы сылтау айтып тастап кет. Саған түк жасай алмайды. Солай оп-оңай құтыласың.
Әлсеннің мына айтқан сөзі көңілінен шықпады. Адал қызға ондай қылықты қалай жасаймын. Оным ұят емес пе, қызды бақытсыз еткенім ғой. Досының бұл айтқанына іштей келісе қоймады. Жол бойы Әлсен талай рет Шоңды солай үгіттеген. Әлі үйрене қоймаған, қыз жағдайын білмейтін Жәмке, бұл жағдайда сөзге онша араласпайтын. Көбіне келе жатқандардың тілегі бойынша ән салып, домбыра тартады. Жол бойы жақсы әндерімен Қарақозыға да, Жамалға да ұнап қалған.
Көңіл шіркін мың құбылды. Досының көңілін көтеру үшін Әлсен айтты: Сары қыздардың ішінде де әдемілері болады…
Бірақ көңіл шіркінде мықтап орнап қалған ба, қара торыға тарта береді. Дегенмен, Шоң ойланып, мына Әлсен сөзінде