Название | Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап |
---|---|
Автор произведения | Қанат Жойқынбектегі |
Жанр | Современная русская литература |
Серия | |
Издательство | Современная русская литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005549471 |
– Сен қайда барасың?
– Біраз серуендеп қайтамын.
Шоңның мына түсініксіздеу сөзіне таң қалып Әлсен:
– Қазір алтыбақан болады. Әлгінде басқарып жүрген жігіт айтты ғой. Соған барамыз.
– Соған көңілім соқпай тұр.
– Сен бос сөзді қой. Олай болса бұл жаққа келмеуің керек еді.
Шоң Әлсеннің бұл сөзінде дұрыстық бар екенін түсінді. Әуелі салт бас, сабау қамшы болып келуі ойында болатын. Әкесі бірден құда түсіп, барлық қиындықты басына салып отырғанын білді. Жүріп бара жатқанда Шоңға, осы жолы қызды алып келесіңдер деп әкесі тапсырған. Ерсілі- қарсылығы жүре беруге уақыт жоқ. Басқа шаруалардың бәрі реттелгенін айтқан. Шоң сонда көкейінде тұрған сөз, таныспай жатып бірден қалай алып келемін дегенді айтпаған еді. Қазір соған өкінгендей.
Әлсен сөзін әрі қарай жалғады.
– Айтып отырмын ғой, ұнамаса екінші әйел аласың.
Әлсенің бұл сөзі басына кірмеді. Шоң тағы да үндеген жоқ, жүріп кетті. Әлсен досын айтқанына көндіре алмай келе жатқан қасында…
Бұл кезде үлкендер отырған үйде де әңгіме болды. Телқозының айтуы бойынша, енді барлық мәселе осы жолы шешіліп қызды алып кету болатын. Бас құда Қарақозы Алдажұманға Теоқозының сәлемін жеткізген: « Бала оқуда, ерсілі-қарсылы жүре беруге жағдай келмейді. Соған орай осы жолы баланы алып кетеміз». Телқозының осы сәлемін құдасына жеткізген. Алған жылқы бар, қыз әкесі бұған қарсы сөз айтқан жоқ.
Дастархан қасында отырған Жамал әрі қарай сөзді жалғаған еді.
– Амандық болса Күміс осы жолы Шоңмен бірге Ақмолаға барады. Сонда тұрады.
Әуелінде осы жолы алып кетемізді сөз еткенде Алдажұманның әйеліне ұнамай қалған, құдаларының қыздарың қалада тұрады деген сөзі шешесінің көңілінен шықты. Сол арада қыз әкесімен, шешесі онаша өзара ақылдасып келісімдерін берген.
Енді олар қазақ тәртібімен қыз бен жігіті төсекте кездестіруге дайындала бастады. Соған орай Алдажұманның бәйбішесі келіндеріне нұсқау берді. Олар соған лайықты іс жасауға кірісті. Енесі айтқандай, қыз төсегін түгел жаңартты.
Жастар жағы бұл кезде алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап тойдың басталуын өткізіп жатқан.
Шоң келгеннен бері өзін суықтау ұстады. Сол күйден өзін қанша зорласа да арыла алмай қойды. Қызға жақындамаған. Күміс те жігіттің бұл қылығын түсінбеді. Өзі расында есалаң шығар деген ойға берілген. Әйтпесе, қызға жақындап, көңіл-күйін білдіру жігіт міндеті ғой. Оның бірі жоқ. Керісінше қашқақтап жүр.
Ақыры