Köttı qysqan investor. Daulet Armanovich

Читать онлайн.
Название Köttı qysqan investor
Автор произведения Daulet Armanovich
Жанр Руководства
Серия
Издательство Руководства
Год выпуска 0
isbn 9785005532930



Скачать книгу

да өзгертілген жүйе. Ал бизнесім бірнеше жерде болса, қадағалап басқару қиынға соғады емес пе? Онда басқару жүйесін қайта өзгертемін. Содан соң 100 жаттығу аппараты алғым келер. Тағы қосымша тәуекелдер кездесер: брендті басқару, бәсекелестерді ойлау дегендей. 100 жаттығу аппараттарым болған соң, Қазақстанда нөмір бірінші инвестор бола алам. Бұл деген тәуекелдер мен уайымдар.

      Алайда, менің де 1000$ капиталым 100 мың $ болса десем, өз тұлғамды түбегейлі өзгертпес едім, қымбат оқуды ұзақ оқымас та едім. Ресурстарымды бұл іске жұмсамас едім. Күштің зоры осында. Сондықтан ірі капиталдың едәуірі инвестиция арқылы құрылған, ал дарынды инвестор данышпан кәсіпкер болуға қарағанда әлдеқайда оңай.

      1.5.2 Инвестордың имиджі

      Кейбіреуіңіз, осы жерге дейін оқып болмай тұрып, кітап инвестиция туралы емес Forex тәрізді қор биржасында сауда жасау туралы деп ойлауыңыз мүмкін. Шынында бәрі кинодағыдай емес: галстук таққан ер адамдар телефоннан түспей бүкіл залға «Сатып аламын», «Сатылды» деп айқайласатын. Инвестиция- қызықсыз, ішті пыстыратын, күш пен уақыт аз бөлінетін нәрсе. Ол жалғыз нәрсені – тәртіп пен көп жылдарды талап етеді.

      1.5.3 Бір миллионердің әңгімесі

      Ең алдымен Карл Дженсенмен таныстырайын. Ол Америкада бағдарламашы (программист) болып жұмыс істеп, жылына 100 мың $ тауып, жұмысы шиеленісті атмосферада өтетіндіктен, кезекті бір жұмыс күнінің аяғында өзіне зейнетке қалай тезірек шықсам деген сұрақ қояды. Әйелі екеуі 5 жылдан соң қомақты 1 миллион доллар ақша жинап, өз еркімен зейнетке шыға алатын жоспар құрады. Дәл солай болды: 43 жасында 1—2 миллион доллар жинап, зейнетке шықты.

      Ол не істеді:

      – ипотекадағы зәулім үйін сатып, кішігірім қарапайым үй сатып алады;

      – кейбір тұтынушы дағдыларынан арылып, қажетті заттарды қолжетімді супермаркеттен алып, үйін өзі жөндейді;

      – отбасылық шығындарын азайтып, жұмыстан бос кездегі уақытын жанұясымен өткізеді;

      – өзінің жылына 40 мыңға$ дейін табыс беретін пассивтік портфеліне өмір сүреді, ол болса табыстың үштен бірі, ал қалған үштен екі бөлігін қайта инвестицияға жолдайды.

      Сізді ол тек Америкада, жалақылары қомақты елдерде, бізде жылына 100 мың$ табу қайдан болсын деген ойлар торлай бастар. Ал негізінде бәрі әлдеқайда оңай екенін айтқым келеді.

      1.5.4 Нағыз бай адамның әңгімесі

      Бай болу үшін көп ақша табу керек емес. Сіз ақшаны көп табу орнына аз жұмсаңыз. Мысалы, мен кеңес берген адамым 49 жаста, слесарь болып жұмыс істейді, айына 300$ дей табысы бар, оның 150$ жұмсап, қалған 150$ жылына 10% беретін инвестицияға салады. Есептегенде он жылда 31мың $ жинақтай алады екен, оның жылына 3100$, айына 258$ тауып, жұмысқа жұмсалатын шығындардан арылып, жұмыс жасамай-ақ жай-барақат өмір сүре алады екен. Әрине, ол миллионер бола алмайды, дегенмен Қазақстан, Ресей, Украинада немесе басқа да ТМД елдерде тұрып жатқандарға зейнетке уайымсыз шыға беруге болады. Бұл деген біз бен сіздің азаматтылығымыздың жақсы жақтары.

      1.6 Кездейсоқ