Название | Köttı qysqan investor |
---|---|
Автор произведения | Daulet Armanovich |
Жанр | Руководства |
Серия | |
Издательство | Руководства |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005532930 |
Ал енді сәтсіз аяқталған 20 бизнес бастамаларыма оралайық. Өзімнің, таныстарымның, достарымның тәжірибесіне жүгінсек, бұл, айына 100 мың теңге табыс әкелетін, сәтсіз аяқталатын 20 бизнестің заңдылығы екен. Бұл жердегі математика басқаша: 100 мың теңгені (стартаптың орташа құны) 20-ға көбейтсек =2 млн шығыс, 2—10 жыл аралықта осы үшін кеткен әрекеттер, сонда ғана айына 100 мың теңге табыс беретін бизнес сізде деуге болады. Мүмкін бұл нақты емес те шығар, дегенмен құны қандай екенін түсіну керек.
1.2. Несие мен ірі бизнес
Ірі бизнестің артықшылығы-инвестиция сияқты қайтарымында. Оны өз ақшаңызға жасамайсыз, себебі капиталыңыз сомақты болу қажет. Ол үшін кепілдікке мүлік қойылады. Ақшаңыз жоқ болып, несие алғанда, сіздің шығыныңыздың тәуекелі банктік тәуекелден жоғары боп тұрады. Себебі кепілдікте сіздің мүлігіңіз. Бұл ірі бизнес казинодағы рулетка ойыны тәрізді. Алайда нәтижесі дағды, тәжірибе, сәттілік, эмоциялық жағдай тағы да басқаларына байланысты.
Сіз, банк несие беруге бас тартқанда, автоломбардқа келдіңіз делік.
Көлігіңіз 2 млн теңге (27$ мың 2020 жылдың тамыз айында) тұрады делік. Сізге ақша өте қажет боп тұр делік, бірақ той, немесе басқа несиені жабуға емес. Автоломбард сізге бірінші аптада несиені төлемейсіз, ал сол аптаның ішінде қарызды толық қайтарсаңыз, несие пайыссыз болады дейді. Сіз авто құнындағы 2 млн теңге емес тек 500 мың теңге алдыңыз делік. Ары қарай не болмақ? Автоломбард несие пайызы өте жоғары болады. Төлемді кешіктірсеңіз, банк автомобиліңізді алып қояды. Ол қалай болмақ: алған ақша қалтада, бір апта өтеді, санауыш қосылады, пайыз қосылады, сіздің несиеңіз өсе береді, көлігіңіз қамалады, айыппұл тұрағына жабылады. Тағы бір апта өтеді, несие пайызы да өседі, сөйтіп қарызға белшеден басып,