Название | Köttı qysqan investor |
---|---|
Автор произведения | Daulet Armanovich |
Жанр | Руководства |
Серия | |
Издательство | Руководства |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005532930 |
2.6. Мейрамдар
Мейрамдар да сыйлық сияқты тамаша нәрсе. Баяғыдан келе жатқан ұғым бар: мейрамның арты ратификацияға әкеп соғар деген. Ратификация дегеніміз – өз қимыл-тәртібіңді құптауың. Қазақта көктем мерекесі бар. Алты ай қыстан аман шығу айрықша қуаныш боп саналған. Мал-жанның амандығын ойлаған ел көктемге жеткенде, жадыраңқы көңілмен қауышқан. Өкпе-реніштері болса, кешірген. Ал қазіргілерге ондай мерекелердің мәнін түсініп жатпағандықтан бас тарту керек.
Адамның психикасы солай жаратылған- мақтанғанды жақсы көреді. Еңбегі мойындалып, бағалағанда, бастан кешкен қиындықтарды мойымай жеңіп шыққанда, ми, мақтау алу үшін, осындай оқиғаларды тудырып отырады екен. Осындай мақтау жүйесі спортшылар мен бизнесмен-кәсіпкерлер арасында көп кездеседі екен. Сол себептен қимыл-тұрғыңызды жиі мақтап тұрыңыз. Әсіресе жануарларды жаттықтыру кезінде көп байқалады, ал мерекелер осындай механизмнің бір түрі.
Бұрыңғы Қеңес одағында мерекелердің көп болуының маңызды себебі-осы елдерге тән мәдени мәртебеде. Мәдени мәртебе мен мәдени жетістіктер деген ұғым бар. Мәдени мәртебе көне салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Ол дәстүрдің қандай жағдайда пайда болғаны адамды аса қызықтырмайды, сондай дәстүр бар, біз де солай істейміз дейді.
Мынындай бір әзіл бар: әйелі күйеуіне таңғы асқа жұмыртқа қуырып, шұжықты екіге бөледі. Күйеуі: «Неге олай істеп жатсың?» деп сұрайды. Ол: «Білмеймін, анам осылай істейтін, мен де солай істеп жатырмын» деген екен. Олар анасына қоңырау соғып: «Сіз неге олай істеуші едіңіз?» деп сұраса, «Білмеймін, әжелерің солай істейтін, мен де солай істейтінмін» депті. Содан кейін әжелерінен сұрайды. Ол кісі: «Менің қазаным тар, кішкентай болатын. Сендер әлі сол ыдысты пайдаланып жүрсіңдер ме?» деп сұраған екен. Әңгіменің мәні: екі ұрпақтың олай не үшін істеп жүргенін түсінбеуінде. Дәстүрлердің көбі бір кездері өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы болса, қазіргі мерекелер өз мәнін жоғалтып алған. Қыстан аман шығарсыз, басыңызда үйіңіз болса. Сондықтан қазіргі замандағы мерекелер адамнан ақша шығарып алу әрекеті деп санаймын.
2.6.1.Мерекеге алынған кредит
Қазіргі уақытта мереке шараларын өткізу – пайдасыз іс. Тұтынушының тиімсіз әдетінің бірі – туған күнін тойлауы. Менің аула сыпырушымның айлығы 250$ болатын. Ол өз мерейтойын атап өту үшін 3000$ несие алған. Көбіміз мұндай әрекетті түсінбейміз. Дегенмен арамызда осылай істеп, туыс, дос-жарандары алдында бір мансабын көтеріп, әсер қалдыратындар да табылып жатыр және де олардың саны басым. Сол себептен де Қазақстанда 18 миллион халқының 7 миллионы – несиеден көз ашпай отырғандар. Ол тек мерей-тойлар ғана емес: атап өткен Жаңа жылдық сыйлықтар, тағы басқа тиімсіз нәрселерге кетіп жатқан қаржылар.
Қазақстанда үйлену тойын өткізгенді жақсы көреді. Оған кем дегенде 10 мың $-дан 500 мың $-ға дейін кетеді. Жақсы ма? Білмеймін.