Название | Köttı qysqan investor |
---|---|
Автор произведения | Daulet Armanovich |
Жанр | Руководства |
Серия | |
Издательство | Руководства |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005532930 |
Редактор Айбар Жандарбеков
Редактор Гулинур Мухтарова
© Даулет Арманович, 2021
© Бейбит Шагановна Солтанкулова, перевод, 2021
ISBN 978-5-0055-3293-0
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Даулет Арманович
Көттi қысқан бай болар
Бұл кітапта пирамида, спортқа бәс тігу және басқа да кәззап ұтыстарға жатпайтын тұрақты қаржы құралдарын таба аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл кітапта көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды, уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай, қалай табуға болатынымен таныса аласың.
Бұл кітапта атауында көрсетілгендердің бәрін табасың. Оқып шыққан соң ең тұрақты, классикалық, консервативті қаржы құралдарын пайдалана отырып (пирамида, Форекс, спортқа бәс тігу және басқа да күмәнді табыс табуға жатпайтын) бір миллион доллар табу капиталының қаржы жоспарын құрастыра аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл жерде көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай қалай табуға болатын жолымен таныса аласың.
Ата-анама арнаймын – олардың көмегісіз мен де, әрине, бұл кітап та болмас еді. Әке, анам! Алдарыңда бас ием, сіздерге деген алғысым шексіз!
Кіріспе
Қымбатты оқырман! Осы кітапқа көңіл аударғаныңызға ризамын. Қазір қысқаша бұл кітаптың кімге, не үшін, өзі үшін пайдалы не табатыны және менің кім екенімді айта кетемін.
Танысқаныма қуаныштымын, мен-Дәулет Арманұлы, кәсіпкермін. Екі бизнесім бар: жаттықтырушы залмен кішігірім коммерциялық жылжымайтын мүлік. Және де ХБА бакалавриат студенттеріне дәріс беремін, оған дейін бүгінгі AlmaU мен Қазақстан-Британ техникалық университетінде (Қазақстаннан болсаңыз олар туралы естіген боларсыз) жұмыс істеп көрдім.
Дәріс беру менің негізгі ісім еместіктен пәндерім аз, дегенмен менің сабақтарымды студенттердің көпшілігі нағыз адал, қызықты да өте пайдалы деп санайды. Пәндерім «Кроссмәдениетті менеджмент», «Практикалық менеджмент», «Business communication» деп аталады. Жеке қаржы мәселесін үнемі қозғап отыратынмын, бірақ пәндерім мен берілген уақыттың шектеулігіне байланысты студенттеріммен өзімнің, өзгелердің ақша жұмсау тәжірибесімен бөлісе алмадым.
Бұл мәселе студенттердің қызығын тудырғанымен, студенттік кезең ұзақ, бірақ тұрақты инвестициялық табыстың артықшылығын аса түсіне бермейтін кез екені бәрімізге мәлім. Менің ақысыз кіру мүмкіндігі бар жеке қаржы туралы дәрістерім 30-дан асқан аға буындарды қызықтыратынын байқадым, себебі инвестиция мәселесі олар үшін өзекті мәселе де, студенттерге қарағанда жеке қаржыны басқаруға ықпалдары үстемірек.
Бұл кітап өзі, ата-ана, бала-шаға, тума-туыстары үшін мойнына жауапкершілік алған тұлғалар үшін жазылған. Егер де бұл жауапкершілік сізде болса, бұл кітап алдымен сіз құрған капитал мен сіздің араларыңыздағы жүкті дұрыс бөлуге, содан соң жауапкершілікті капиталға аударып, қаржы қиындықтарды барлық деңгейде өзіңіз, ұрпақтарыңыз үшін шешуге көмектеседі. Ал егер де бұл жауапкершілік сізде болмаса, дұрыс қаржылық бағытын сілтеу арқылы көптеген долларлық миллионерлер құрған қаржылық әдеттерді бойыңызға сіңіртуге мүмкіндік береді. Ол үшін биткоин, бюджетті қысқарту, лоторея, тендер, «пирамида», наркобизнес дегендерден аулақ болу керек. Сіз әлемнің ақша жетіспеушілік жағдайда өзіңізді қалай ұстайтыныңызды, одан шығу жолдарын, ең күрделі сұрақ-ақшаны қайда салу керектігі жайлы біле аласыз.
Жоғарыдағының негізінде бұл кітапты жазбауыма болмады. Өмірбаяныңды, танымал жұлдыз болмасаң, жазбауға болар, себебі ол ата-анаңнаң басқасына бәрібір. Менің Қазақстандағы тұрып жатқан 4 жыл ішінде байқағаным: адамдардың, тіпті бай адамдардың сәтсіз қаржылық шешімдері арқылы банкротқа ұшырауы таңғалдырды. Қазақстанда небәрі он мыңға жуық жеке инвестициялық шоттар (ЖИШ) ашылған, ал бұл дегеніміз банк картасының аналогы, ол арқылы биржаға инвестиция құюға болады. Бұл ЖИШ тек еліміздің 0,06% халқында бар болса, оны үнемі қолданып жүргендер саны 2000-ға жуық, немесе Қазақстан халқының 0,01% ғана. Мұндай көрініс бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде де кездеседі, бір қызығы, мемлекет кінәлі емес, білім, тәжірибе мен мамандардың жоқтығы -ең басты себеп. Олар қайдан болсын, капитализм біздің елге 30 жыл бұрын ғана келсе.
Сіз – қайдағы жоқ бір дәріс беруші мен жаттықтырұшы зал иесі жеке қаржы туралы бір кітап жазатындай қайдан білсін деуіңіз мүмкін. Ал мен 7 жыл Ұлыбританияда тұрып оқыдым; Өкінішке орай, қаржы ісі бойынша емес. 10 жылдан аса кәсіпкерлікпен, инвестициямен айналысамын. Әр қимылым жаңа білім, тәжірибе мен жаңа таныстыққа толып жатыр. Англияда гольфты жиі ойнайтынмын, сол кезде Exeter қаласында оқып жүріп, осы