Название | Жан коллекционері. Қара фэнтези |
---|---|
Автор произведения | Алтыншаш Курманаева |
Жанр | Ужасы и Мистика |
Серия | |
Издательство | Ужасы и Мистика |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005197702 |
5
Қонақүйдің іші. Жанды сақтау жолындағы күрес. Барлық жалмауыздар мен қара ниеттілер жандармен күресуде. Бір кезде олардың төбесінен сыпыртқыда отырған Қалтарыс ұшып өтті. Оның қолында сиқырлы таяқша мен көне кітап бар. Қалтарыс сиқырлы таяқшасын жандарға нұсқап: «Мүрдем!» – деді. Барлық жандар сол кезде жоқ болды. Қалтарыс сыпыртқысымен бірге жерге қонды. Жалмауыздар мен мыстандар оған қол соқты. Бәледен құтылғандарына қуанған қара ниеттілер әлемінің тұрғындары қуаншылық орнағандай осы бір шағын сәтте бақытты болып, жүздерінен күлкінің нышаны байқалды. Бірақ күлкі көпке ұзамады. Моншақ болып жерге төгілген күлкі лезде сандыққа жиналды. Себебі, қонақүйдің бастығы Адақ келді. Адақтың түрі сұсты. Жолында кезіккен әр жанды талап, жұтатын сияқты. Оған қараудың өзі қорқынышты. Жанында оны тыныштандырып тұрған Аңқылдақ тәте мен Дабыл бар. Аңқылдақ тәтей жезтырнағымен Адақтың арқасынан қағып, сабырға шақыруда. Адақ ұлына қарады. Қалтарыс басын төмен түсірді. Адақ ашуын тыймастан, адуынды қалпымен көпшілікке қарап: «Тез қонақүйді ретке келтіріңдер», – деді де өзінің жеке жұмыс бөлмесіне кетті. Артынан Аңқылдақ пен Дабыл еріп кетті. Қалтарыс басқа қонақүйдің қызметкерлеріне айналаны тазартуға көмектеспекші болып, олардың жандарына келді. Бірақ қонақүйдің қызметкері одан жалтарды. Қалтарыс сиқырлы таяқшасы мен сыпыртқысын алып, жертөлеге қайта түсті. Ол жертөленің терезесінен күлімсіреп тұрған күнге қарады. Күн шуағын оған шашуда. Қалтарыстың бетін күннің нұры қыдықтап барады. Қалтарыстың көзінен тамшылап жас ақты.
6
Қалтарыстан жан коллекцияшы шықпайтынын сезген Адақ оны жүктерімен бірге Жаду әлеміне жіберді. Жаду әлеміне сапарға аттанбас бұрын Қалтарыс биік қамалдың көлденен бетінде өсіп тұрған түймедақ гүліне назар аударды. «Гүлдің өзі тасты жарып шығып, қайсарлығын дәлелдегенде мен де жетістікке жетемін! Мен әлемге аты әйгілі жан коллекционері боламын!» – деді іштей. Адақ жұмыс бөлмесінің терезесінен ұлының арбаға отырған сәтін тамашалап, онымен қоштасқандай болды. Аңқылдақ тәтей ұлымен бірге Адақтың бұйрығымен Қалтарысты шығарып салды. Дабыл Қалтарысқа қарап:
– Мен сенен ұлы жан коллекционері шығатынына шексіз сенемін! – деді.
– Рақмет, бауырым, – деп Қалтарыс арбаға отырды.
Жаду әлемі – тек жадулар тұратын мекен. Жаду – бойы 155 (149—155) см аспайтын (160 см жадулар бар), түрі ақсары, яки, аққұба келетін, өздері жада (арық), құлақтары эльфтердікіндей қалқан, көздері ботадай тұнық (моншақ пішінді келеді), шаштары әрқилы болатын (Бұйра, тікшіл, және т.б), тіршілік иелері. Жадулар тұратын елді-мекеніне орай төрт топқа