Название | Жан коллекционері. Қара фэнтези |
---|---|
Автор произведения | Алтыншаш Курманаева |
Жанр | Ужасы и Мистика |
Серия | |
Издательство | Ужасы и Мистика |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005197702 |
– Армысыздар! Менің ардақты да аяулы жалмауыз достарым! Өзімнің мың бірінші конференцияма қош келіпсіздер! Бүгінгі конференция өткен мыңыншы конференцияларға қарағанда аса ерекше болмақ! Біз садақ атудың жаңа жолдарымен, қылышты қолдану, шоқпарда ойнау, арқанды лақтыру, атпен шаба алу жолдарын игеретін боламыз. Олай болса, біз бастаймыз! Ортаға ең қорқақ деген жауыз келсін! – деді (Барлығы қолын көтерді. Тек Қалтарыс үндемеді).
Каспийдің көзіне жалғыздықтан күңіреп отырған Қалтарыс түсті. Ол оның есімін атады. Мыстандар мен жауыздардың балалары оған телміріп қарап қалды. Қалтарыс орнынан тұрды. Ол есеңгіреп қалса керек. Алғашында залдан қашу ойында болды. Бірақ мыстан қыздардың жанында отырған әлгі Алтын атты бойжеткенді көргеннен кейін, өзін қолға алып, ортаға нық қадам басты. Қалтарыс шашын түзеп, Каспийдің жанына келді. Каспий одан не себептен конференцияға келгенін сұрады. Қалтарыс: «Мммм… Енді… Енді», – деді. Каспий оны демеп жіберіп: «Иә, сіз мен сияқты сері болуды армандайсыз», – деді де жебені оған ұстатты. Қалтарыс садақты қолға алысымен, артқа қадам басты. Жан-жағында тұрған жалмауыздарға назар салды. Құдды, олар оның әр қадамын санап, мұқият бақылап тұрғандай. Қалтарыстың садақты қолға алуы бірінші рет еді. Бұрын садақ түгілі, таяқты да ұстамаған он бесер жасар бала бүгінде дүйім жұрттың алдында өнер көрсетеді деп кім ойлаған. Қалтарыс көзін жұмып, қайта ашты да садақты атты. Міне, садақ зымыранның жылдамдығындай ұшып барады. Жоқ, ол таяқ тастам жерге барып құлады. Залда отырған жауыздар ішек-сілері қатып қарқ күлді. Қалтарыс бетін орамалмен жапқан Алтынға қарады. Каспий залды тыныштандырды да, Қалтарыстың жанына келіп: «Бұлай болмайды! Зұлмат елінде туып-өскен соң, сол елдің атына лайық жігіт болу керексің! Ертең жаду әлемі мен ертегілер елі шабуыл жасап қалса, жауыздардың балаларын қорғайтын мына сендей жастар ғана!» – деді де оған өзінің визиткасын ұсынды. Онда: «Сері болуды армаңдайсың ба? Армаңдамай, Каспий бол мұндайда!» – деген жазуды оқыды.
4
Өзінің ғана емес, әкесінің есімін қара еткен Қалтарыс жертөлеге қуылды. Оның қонақүйдің жоғары қабатында орналасқан бөлмесін енді үш дәу ағалары иеленді. Қалтарыс бір жағынан жертөледе тұрғанына қуанды. Өйткені, бұл жер жандар сақталатын жерқойма бар еді. Қойманың іші бұрынғыдай таза күйінде. Сөрелердің үстінде түрлі жандар салынған құтылар сақтаулы. Тас қараңғы қойманы сәулелендіретін де осы құтылар. Қалтарыс бұрын жан салынған құтылардың барлығын тексере алмайтын. Енді соның сәті туды. Ол анасының жаны салынған құтыны іздей бастады. Құтыларды аралай келе Бағира Нарттайқызы деген жазуға көзі шалды. Бұл – анасының жаны салынған құты. Атап кетер жағдай, жаду тұқымынан шыққан сиқыршылар өмірден озғаннан кейін, жандары құтыға сақталады. Не себептен дейсіздер ғой? Өйткені, отбасысын асырауға қаражаты жетпеген жадулар өз жандарын жындар мен перілерге сатып, одан түскен қаржыны отбасыларына беріп кетеді. Бірақ бұл өте қауіпті. Жынға сатылған жан оның