Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

қарым-қатынастардағы «балдай тәтті кез» аяқталды. Г. Шредер енді Ресеймен қарым-қатынастардың ұстамдылық пен өзара тиімділік негізінде жүргізілетіндігін және осыдан бастап Ресейге «достық» жеңілдіктер жасауға бармайтынын мәлімдеді. Мұндай ұстаным, әсіресе, 1998 жылғы Ресейдегі қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде байқалды, дағдарыс нәтижесінде көптеген неміс кәсіпкерлері орасан зор қаржылық шығындарға ұшырады.

      Билік басына келгеннен кейін көп кешікпей Г.Шредер Мәскеуге сапар шегіп, Ресей президентімен кездесті және екіжақты қарым-қатынастарды жақсартуға, Ресеймен сауда-экономикалық байланыстарын қалпына келтіруге тырысты. Көп ұзамай В. Путин де Берлинге сапар шекті, онда 1998 жылғы қаржы дағдарысымен, 1999 жылғы Балқан дағдарысымен бұзылған екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру жөніндегі өзара кеңес берулермен алмасты. 2000 жылдың басына қарай ГФР-дың саяси элитасының және іскерлік топтар өкілдері Ресеймен өзара тиімді қарым-қатынастар мүмкіндіктерін жоғалтқысы келмейтіндігін білдірді.

      2003 жылдың қазан айында Екатеринбургте жоғары деңгейдегі кеңес берулер өткізілді, оның барысында екіжақты қарым-қатынастардың келешегі қарастырылды, халықаралық өмірдің маңызды мәселелері бойынша ұстанымдармен келісілді. Оның ішінде, Ресей азаматтарының кейбір категорияларына Германияға кіру үшін визалық тәртіпті жеңілдету туралы шешім қабылданды және экономика саласындағы 15 ірі келісімшартты жүзеге асыру жөнінде келісімшарт жасалды.

      90-жылдары неміс-француз қарым-қатынастары әжептәуір қарқынды дамыды. 2000 жылдың жазында Майнц қаласында Франция президенті Ж. Ширак пен ГФР канцлері Г. Шредер арасында жоғары деңгейдегі кезекті консультативті кеңес өтті. Елбасылар ғарышты бірлесіп игеру жоспарларын талқылады және ЕО құрылымдары мен институттарын реформалау жобаларын қарастырды. Франция президенті Ж. Ширак 1963 жылғы әйгілі Елисей келісімін алмастыруға тиісті франко-германдық қарым-қатынастардың негіздері туралы жаңа келісім жасауды ұсынды.

      2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиға Германияның сыртқы саясатына елеулі өзгерістер енгізді. ГФР үкіметі, жалпы алғанда, АҚШ-тың лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі ісіне қолдау білдірді, тіпті, өз әскерлерін ауған талибтерімен күресуге де жіберді. 2002 жылдың ақпанында Г. Шредердің АҚШ-қа ресми сапары барысында неміс тарапы америкалық саясатпен толық келісетінін тағы да ескертті, ал президент Дж. Буш канцлерге Германияның халықаралық лаңкестікпен күресте орасан зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

      Алайда, кейінгі оқиғалар ГФР мен АҚШ арасында елеулі қайшылықтардың туындауына және бұрын-соңды болып көрмеген екіжақты қарым-қатынастардың салқындауына алып келді. Бұған Дж. Буш әкімшілігінің Иракқа әскери басып кіру әрекетін жүзеге асыруы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкиясынсыз Саддам Хусейннің диктаторлық жүйесінің құлауына күшпен қол жеткізу жоспарлары түрткі болды. Канцлер Г.Шредер Таяу Шығыстағы әскери қимылдардың шоғырлануына