Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

Азиядан келген. Батыстағы ғұн тарихы зерттелмеген мәселелер қатарына жатты. Еуропадағы бұл тайпа бірлестігінің тарихы кеңес дәуірінде қарастырылмаған тақырыптардың бірі болды. Қазіргі таңда ғылымның дамуына байланысты түркі әлемінің тарихы жазба деректердің және басқа да пәнаралық салалардың негізінде зерттеліп жатыр.

      Біздің заманымыздың 48 жылы ғұндар солтүстік және оңтүстік болып, екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Біздің заманымыздың ІІ ғасырының бірінші жартысында ғұн тайпаларының миграциясы әуелі Шығыс Жетісуға, кейін Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды. Солтүстік батыстағы ғұн мемлекеті біздің заманымыздың ІV ғасырында әйгілі болып, Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. ІV ғасырдың ортасында ғұндар Еділ мен Дон аумағына енді. Азов аймағы және Солтүстік Кавказдағы аландарды, Боспор патшалығын жаулап алып, ғұндар Доннан өтіп, Оңтүстік Шығыс Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп тайпалы державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты.

      ІV ғасырдың 70-жылдары ғұндар Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастады. Олар алғаш рет Азов теңізі өңірін мекендеген аландарды бағындырды. Одан әрі ғұндар екі бағытта жылжыды. Біріншісі, мұзды жолмен Перекоп және Тамань түбегі арқылы Боспор патшалығына беттеді. Мың жыл өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі, батыс және солтүстік-батыстағы сармат, алан, гот тайпаларына бет түзеді. Сонымен, батыс ғұндарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлер бағынды. 375 жыл халықтардың Ұлы қоныс аударуына соқтырған бастама болды. Қазіргі таңда қазақстандық жалпы тарих ғылымында бұл оқиғаларды орта ғасырлар тарихы дәуірі мен өркениетінің бастамасы ретінде қарастырады.

      ІV-V ғасырларда Еуропадағы ғұндар тарихынан Еуразия тарихы жасалды. Шайқастар және үстін-үстін болып отырған көшіп-қонулармен бірге, ол Шығыс пен Батыстың әр қырлы әрекеттесулерінің, дәстүрлері мен мәдениеттері синтезінің үлесі де болды. Ал бұл интеграцияның нәтижесінде жаңа өркениеттің, жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына жол ашылды. Осы сәтте ғұндар бастаған халықтардың Ұлы қоныс аудару қозғалысы әлем тарихында аса маңызды рөл атқарды.

      Осы уақытта ғұндар мен Шығыс Рим империясы арасында қақтығыстар орын алды. Батыс Рим империясымен олардың байланыстары бейбіт негізде құрыла бастады, себебі ғұндардың жалдамалы жауынгерлері, әсіресе V ғасырдың 20-жылдары Рим әскерлерінің белгілі бір бөлігін құрады. V ғасырда ғұндар Паннонияға (кейінгі Венгрия, Австрия, Югославияның кейбір аймақтары) орналасты да бұл аймақ Батыстағы Ғұн империясының орталығына айналды. V ғасырдың 40-жылдары Еуропада мойындалған ерекше қолбасшылық дарынына байланысты «magister militum» (әскердің жоғарғы қолбасшысы) құрметті атағын алған ғұн билеушісі Аттила (Attila, Еділ шамамен 395 жылы туылып, 453 жылы қайтыс болған) Батыс Рим империясына байланысты тәуелсіз саясат жүргізе бастады. Аттила билік құрған 434-453 жылдар аралығында ғұн державасының территориясы барынша кеңейіп, өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Грек және Рим деректері