Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.



Скачать книгу

қатты әсер етті. 1954 жылы қабылданған конституцияда мемлекет құрылысы «социалистік» деп белгіленді. Негізгі билік партияның қолында болды. кСРО-да өткен хх съезде Сталиннің жеке басына табынушылық жөнінде айтылған сөздерді 1956 жылғы КПК-ң VІІ сессиясы құптады. Мао Цзэдун да көп адамдарды репрессияға ұшыратты. 1957 жылы қылмыс жасаған адамдарды «қайта тәрбиелеу» үшін ауыр, қара жұмыстарға апарды. 1957 жылы халықаралық жұмысшы партияларының жиналысына бару мақсатымен Мао Цзэдун КСРО-ға сапар жасады.

      «Үлкен секірістен Реттеуге» дейін. Мао Цзэдун коммунизмге кСРО-дан бұрын жетуді ойластырды. Сондықтан екінші бесжылдықты бір жыл ішінде өту жоспарланды. Ауыл шаруашылығын 2,5 есе, өндірісті 6,5 есе көбейту қарастырылды. Жаңа ұрандар пайда болды: «Үлкен секіріс», «халықтық коммуна», «Жаңа бас сызық» бұл «3 қызыл белгі» деп аталды. Экономиканы осылайша тез қарқынмен дамыту мүмкін емес еді, сондықтан өндірістің көлемі азайды. Белгілі бір кәсіпке маманданбаған өнімнің сапасы төмендеді. Маоның жарлығы бойынша күріш өсіретін жерлердегі торғайларды ұстау талап етілді. Торғайлардың азаюы өз кезегінде құрт-құмырсқаның көбеюіне алып келіп, бұл жаңа қиындықтар тудырды.

      1959 жылы маршал Пэн Дэхуай мен бір топ басшылар Мао Цзэдунның жүргізген саясатына қарсылық білдірді. Нәтижесінде оларға «антипартиялық тұлғалар» деген айып тағылып, орындарынан босатылды. Пэн Духэйдың орнын Маоның жақтасы Линь Бяо тағайындалды. Ал Тибетте КПК-ның жүргізген саясатына наразылық Далай-Ламаның басқаруымен болған көтеріліске алып келді. Далай-Ламаның Үндістанға қашуына тура келді. Мао Цзэдун өзінің қателіктеріне жауап бермеу үшін партия басшылығынан шығып, орнына Лю Шаоциді отырғызды. Лю Шаоцидің келуімен «үлкен секіріс» саясаты арнайы жарияланбағанмен тоқтатылды. 60-жылдары Қытай экономиканы «реттеуге» кірісті. 1962 жылы ҚХР-ң кейбір аудандарын аштық жайлады. Ауыл шаруашылығында қайта реформалар жүргізілді. Әскери құрылыстар жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Дцролық бағдарлама нәтижесінде 1964 жылы ҚхР-да атом бомбасы жасалынды. Мао Цзэдунның жасаған қателіктеріне қарамастан оның еңбектері үлкен тиражбен шығып жатты. Тазет-журналдарда оның еңбектерін жиі мақтап, жоғары бағалап отырды. Бірақ халықты оған сендіру қиын еді. Сондықтан Мао Цзэдун өз позициясын нығайтқысы келді. ҚхР-ң сыртқы саясаты кСРО-дан қатты ерекшелінді. ҚхР Чан кайши билеп отырған Цзиньмынь және Мацзу аралдарына оқ ату салдарынан АҚШ пен ҚхР арасындағы жағдай шиеленісті. 1959 жылы ҚхР-ң Үндістанмен жағдайы шиеленісті, кСРО-мен достастық байланысы суи бастады.

      «Мәдени революция» себептері: мәні, қорытындылары және нәтижесі 1966 жылы Мао Цзэдун өз билігін нығайту үшін «мәдени революция» жүргізді. Оның негізгі себебі ескі, антисоциалистік мәні бар өнер туындыларын, әдебиеттің көзін құрту болды. Мао Цзэдунның еңбектері ғана жоғары бағаланып, оның айтқан нақыл сөздерін әрбір ҚХР азаматы жатқа білу керек еді. «Мәдени революцияны» ұйымдастырғандар Мао Цзэдунның әйелі Цзян Цин мен Чжан Чуньцяо. Олар жоғарғы