Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.



Скачать книгу

Корея ішінара саяси және экономикалық оқшаулау жағдайында өмір сүруде. Бұл КХЦР халқының әлеуметтік және моральдық жағдайына кері әсерін тигізуде.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

      1. Ким Ир Сеннің «халықты жеңістен-жеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табынуына әсер еткен жағдайлар.

      2. КЕП-тің нешінші съезі «социалистік индустрализацияға» бағыт алғандығын белгілеп, халық шаруашылығын дамытудың бес жылдық (19571961) жоспары?

      3. «Чучхе идеологиясының» мәні ?

      4. XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті.

      § 4. Қытай

      Екінші дүниежүзілік соғыс соңында Қытайдың ішкі саяси және халыцаралық жағдайы. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Қытайда екі партия кПк және Томиньдан арасында күрес басталды. 1946 жылдың мамырына дейін Қытай территориясында кеңес әскерлері сақталды. Жапондар жаулап алып қуыршақ мемлекет құрған Маньчжоу-го экономикалық жағынан біршама дамыған болып шықты. кСРО мен Қытай ШҚТЖ-ны (кВЖд) ортақ қолдана бастады. 1945 жылы 10 қазанда кПк мен Томиньдан арасында келіссөздер болып мемлекет тағдырын шешуге, «демократиялық» республикаға көшуге кірісті. Бірақ партия басшылары арасында (Чан кайши мен Мао Цзэдун) қайшылықтар орын алды. Бұл қайшылықтардың азаматтық соғысқа ұласып кетпеуі үшін екі ірі держава АҚШ пен КСРО КПК-дан, жартысы Гоминьданнан тұратын Қытай Республикасының мемлекеттік кеңесін ұйымдастыруды ұйғарды. АҚШ болса Гоминьдан үшін 150 мың адамдық армия жасақтауға кірісті. Бұл армия 1946 жылы КПК бақылап отырған территорияға енді. Бұл азаматтық соғыстың басталуына алып келді.

      1946-1949 жылдары азамат соғысында Қытай коммунистік партиясы жеңіске жетті. Гоминьдан мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды: жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясы мен үкіметі өз беделдерін түсіріп алды; Гоминьданның реформашылдық саясаты сарқылды; Қытай шенеуніктері үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғары топтарын аздырды, олар жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты. Компартия Жапонияға қарсы соғыс жылдарында өз күштерін қалпына келтірді, азат етілген аудандардың территорияларын кеңейтті, КСРО-ның көмегімен соғысқа қабілеті бар армия құра алды, соғыс аяқталғаннан кейін компартия қалың бұқараға түсінікті, қарапайым ұран көтере білді. Жапонияның Маньчжуриядағы Квантун армиясын талқандауы, бұл миллиондық топты қарусыздандыруы және ол қаруларды қытай коммунистеріне беру армияны қарумен қамтамасыз етті. Азамат соғысы жылдарында сенімді тыл жасалды. АҚШ-тың осы кезде гоминьданға көрсеткен көмегі мардымсыз болды.

      Халықтық революция және даму жолын таңдау мәселесі. Қытай Халық Республикасының жариялануы. 1949 жылы қыркүйекте Пекинде Кеңестік Халықтық Саяси кеңес жиналысы болды. Оған антигоминьдан бағытын ұстанғандар жиналды. Жиналыста Орталық халықтық Өкімет құру, билікті негізінен халыққа беру ұйғарылды. 1949 жылдың 1 қазанында