Название | Бақыт жолы |
---|---|
Автор произведения | Олжас Сеитов |
Жанр | Общая психология |
Серия | |
Издательство | Общая психология |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005686718 |
Бүгін-ақ осыған қатысты эксперимент жасап көріңіз. Көп сөйлейтін, барлық нәрсеге теріс пікірді жиі айтатын бір жақын адамыңызды таңдаңыз. Бұл жолы онымен дауласпаңыз, оған бірдеңе үйретуге немесе жанашырлық танытуға да тырыспаңыз. Жәй ғана бірнеше рет растау сөздер айтыңыз. Сонда оның айтарлықтай өзгеретініне қатты таң қалатын боласыз! Оның негативті ой-пікірлері азайып, болмысы жақсара бастайды. Ол жағымсыз жағдайларға назар аударуды тоқтатап, позитивті нәрселерге көңіл бұрады, тіпті сізге, айналысатын істеріңізге шынайы қызығушылық танытатын болады.
Сонда бұл растау сөздердің пайдасы неде? Адам негативті нәрсе туралы айтқанда, оның ішінде қауіпсіздік қызметі сөйлейді. Бір компанияның үлкен кеңсесіне кіріп, акционерге жолыққыңыз келді делік. Ол үшін сізге алдымен күзетшімен, сосын ресепшн қызметкерімен, сосын менеджермен, кейін акционердің жеке көмекшісімен, содан соң дәлізде күтіп тұрып, оның басқа да қызметкерлерімен әңгімелесуге тура келеді. Тек 30—40 минуттан кейін ғана сіз акционердің өзіне жетесіз. Әлгі қызметкерлер, акционерлер емес, акционердің көмекшілері екенін нақты білесіз, сондықтан олардың талаптарын орындап шығуыңыз керек. Ал егер олармен айтысып, бірдеңені дәлелдейтін болсаңыз, акционерге жете алмайсыз!
Адаммен әңгімелесуде де дәл солай болады. Алдымен адамның өзімен емес, оның көмекшілерімен сөйлесуіңіз керек. Бірінші кезекте, сізбен әңгімені зиянды қызметкер бастап, жағымсыз бірдеңе айтады. Мысалы, ол жәй үнмен: «Өмірдің мағынасы жоқ, ауа-райы да бұзылған» деп айтуы мүмкін. Бұл «қызметкермен» байланысқа түспеуіңіз керек. Жәй ғана: «Иә, мен сені түсінемін» деп айтыңыз. Сосын ол сіздің жанашырлық танытқаныңызды қалап, жұмыста бастықтың оған әділетсіз сөгіс бергенін аяушылық шақырып айтуы мүмкін. Тағы да бұл тұзаққа түспеңіз. Жәй ғана тыңдаңыз, түсінушілік танытыңыз, «Сізді тыңдап тұрмын» деп растап, «Тағы қандай жағдай болды?» деп сұрасаңыз болады. Әрі қарай басқа да қызметкерлерді кездестіресіз, олар екеу-үшеу не он болуы мүмкін, тіпті одан да көп болар, бірақ әрбір келесі қызметкермен кездесу барған сайын қызықты бола түседі! Тура компаниялардағыдай: қызметкерлер акционерге неғұрлым жақын болса, олар соғұрлым бақыттырақ болады. Және керісінше: иерархияның ең төменгі жерінде әрқашан қыңыр әрі сауатсыздау күзетші болады.