Название | Бақыт жолы |
---|---|
Автор произведения | Олжас Сеитов |
Жанр | Общая психология |
Серия | |
Издательство | Общая психология |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005686718 |
Екіншіден, пейнхантинг сізді «тәулік бойы бақытты» етпейтінін түсінуіңіз керек. Тәулік бойы бақытты боп жүретін адам – шындығында жан дертіне ұшыраған ауру адам. Мысалы бұл нашақор, өйткені ол дүниені дұрыс қабылдамайды. Бұл өзгелердің наразылығын түк елемей, бәрін сүйе беретін маскүнем. Бұл өзін Құдайдың елшісі санайтын жан дертіне ұшыраған науқас. Пейнхантинг сізді мұндай етпейді. Керісінше, дүниені бұрмалаусыз және әсірелендірілген жағымсыз бейнелерсіз адекватты қабылдауға көмектеседі. Пейнхантинг сізге күштірек, ақылдырақ және стреске төзімдірек болуыңызға көмектеседі. Сіз барлық басқа адамдар сияқты эмоциялар шкаласы бойынша төмен түсетін боласыз, бірақ сізде үлкен артықшылық болады. Яғни, шкала бойынша тез-ақ көтеріліп кетесіз және төменгі деңгейлерде қалып қоймайсыз.
Үшіншіден, пейнхантинг сізге түпсанаңызда босқа қажетсіз нәрселерді айналдыра ойлай беру процесін азайтуға көмектеседі. Миллиондаған адамдар шын мәнінде жоқ нәрсені саналарында айналдыра ойлай бергеннен қажып жүр. Пейнхантинг санаңыздан барлық қажетсіз бейнелерді алып тастайды, сонда сіз дүниені шындыққа сай қабылдайсыз. Пейнхантинг сізге жаныңыз тіреліп қалып қойған балалық шақтағы оқиғаларда емес, ҚАЗІР және ОСЫНДА болуға көмектеседі.
Әрине, төртіншіден, пейнхантинг сізге өміріңіздің барлық салаларын жақсартуға көмектеседі. Біз сізге өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінетін салада ғана жетістікке жетуді үйретпейміз. Ұнамаған ортаны тастап, сүйікті елге көшіп сонда өмір сүруге, жалықтыратын жұмысыңызды тастап, басқа сүйікті мамандығыңызды іздеуге кеңес бермейміз. Біз сізге өміріңізде болып жатқан жайттардан қашпай, яғни шындыққа тура қарап, өміріңіздің барлық саласында жеңіске жетуді үйретеміз! Бақытты болу үшін қоғамнан Тибетке қашу – бұл жеңіс емес, жігерсіздік пен қорқақтық. Жайсыздықты сезінбеу үшін достарыңыздан оқшаулану, бұл керемет емес, қайта күлкілі жайт! Руханилыққа қол жеткізу үшін материалдық игіліктерден бас тарту – бұл даналық емес, нағыз ақымақтық. Шын мәнінде, пейнхантингтің көмегімен сіз отбасылық өмірде де, материалдық істерде де, рухани нығаюда да жетістікке жете аласыз, өмірдің рахатын барынша