Название | БАЛҚАШТАҒЫ СУ ПЕРІСІ. Әңгіме |
---|---|
Автор произведения | Алтыншаш Курманаева |
Жанр | Современная русская литература |
Серия | |
Издательство | Современная русская литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005146359 |
Мектеп қабырғасынан бері мені сансыз ойлар жиі мазалайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте мен бір оқиғаның жалғасын ойымда құрастырып тұрамын. Ол ой менің қолыма қалам алуыма түрткі болады. Кейде түсімде жаңа оқиғаның сюжетін көріп, оянып кетемін. Түсімде көрген жайттар мен күндіз басымнан кешірген оқиғалар менің кітабымның бір бөлігіне айналады. Осылайша, мен қолыма қалам тарттып, кітап жазуға кірісемін. Кітап дегенім артық болар, ойымды қағазға түсіремін дейін. Өйткені, мен әлі өз жанрымды дөп басып айта алатындай мықты жазушы емеспін. Мен бар болғаны өз ойымды дүйім көпшілікпен бөлісі білетін автормын.
Әрине, бұл менің алғашқы тырнақалды шығармам. Дегенмен, бұған дейін де мен талай ойларды қағаз бетіне түсірген болатынмын. Тек ол жазғандарымды ешкімге көрсетпедім. Себебі, бөлісу ерте деп санадым. Әлі де ерте шығар. Бірақ бәрібір мен өзім құрастырған әлемді сіздермен бөліскім келеді. Мен құрастырған әлем мен ондағы кейіпкерлердің тағдырын сіздер шынайы сезініп, жылы тебіреніспен оқыса деймін. Жалпы, мен құрастырған әлем қандай? Ол әлемнің басқа авторлар тудырған әлемнен айырмашылығы неде? Дәл осы сықылды сансыз сұрақтардың жауабын мына мен жазған, өзім фэнтези деп санайтын әңгімеден табасыздар деген үміттемін.
БАЛҚАШТАҒЫ СУ ПЕРІСІ
1
Балқаш. Зәмзәм суындай тәтті тұнық көлдің маңайында бір кішкентай бала ау құрып, балық аулап жүр. Жанындағы балалар баяғыда үйлеріне кеткен. Ауды балыққа әбден толтырған ол көлдің жағасынан жылтыр бірденені байқағандай болды. Қолындағы ауды арбаға тие салысымен көлге жақындады. Алыстан өзін желіктіріп тұрған зат-маржан болып шықты. «Қандай әдемі!» – деп жалаңаяқ қолымен ала бергені сол еді біреу білегінен шап беріп ұстап алды. Жүрегі дір ете қалған бала басын жоғары көтеріп, бейтанысқа тура қарады. Шашы сыпыртқыдай айбақ-сайбақ, аяғының орнына балықтың құйрығы бар әйел балаға көрпеге оранған сәбиді ұстатып, жоқ болып кетті. Алғашында шыңғыра жаздап, қатты қорқып қалған бала сәбиді тастамастан жан-жағына тағы бір көз шалып өтті. Ешкім жоқ. Ол дереу сәбиді алысымен ауылына қайтты.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.