Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап. Наталья Попова

Читать онлайн.



Скачать книгу

Яғни, тиын өзінде белгіленген бағадан көбірек тұратын болды. Адамдар осындай айырмашылықты қолданып, ақшаны металлға қайта балқыта бастады. Ақшаны балқыту құнын тиындарға басқа металлдар косып азайтуға тырысты, бірақ сонда да өндіру құны қымбат болды.

      Амал табылды, ол – қағаз ақша. Бірақ адамдар құны тек сурет болып салынған ақшалардың шынайы екеніне сену үшін не істеу керек? Мемлекет кез келген уақытта қағаз ақшаны алтын және күміс тиындарға ауыстырып алуға болатынына кепіл берді. Осы күнге дейін мемлекет шығаратын қағаз ақша сол мемлекттің алтын қорымен кепілденеді. Яғни мемлекет оның капиталымен кепілденетін ақша көлемін өндіреді және ол оның құнын анықтайды.

      «Банкнота» сөзі ағылшынша «bank note» сөзінен «банктік жазба» деген мағына білдіреді. Банкнотаның мәні – бұл банкінің шынайы ақша беру міндеттемесі, яғни, іс жүзінде банкнотаның құны жоқ. Бірақ мемлекет белгілі бір аймақта барлық азаматтарға банкнотаны заңды төлем құралы ретінде қолдануға міндеттейді.

      Неге ақша арзандайды не қымбаттайды?

      Ақшаның құндылығына шығарылған ақша белгілері мөлшері, мемлекеттің экономикалық жағдайы, еңбек құны және басқа да факторлар әсер етеді.

      Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

      Әр мемлекет өзінің ақша белгілерін өзінің атымен шығарады. Ақша құнын түсінудің ең оңай жолы – бұл бір елдің ақша құнын басқа елдің ақша құны ара-қатынасын салыстыру. Бұл валюта бағамы деп аталады. Ақша – валюта. Құнындағы айырмашылық – бағам.

      Мысалы, бүгінгі күнде 1 теңге = 0,0029 АҚШ доллары. Ал 5 жыл бұрын 1 теңге 0,0065 АҚШ доллар тұрды. Яғни, 1000 теңгеге 6 доллар сатып алуға болатын еді. Қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Теңге құны азайып, ал доллар құны арта түсті.

      Әдетте бағам салыстыру әлемдегі ең көп қолданылатын валюталармен жасалынады, олар:

      Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай анықтауға болады. Мысалы, 100 теңгеге 1 бөлке нан алуға болады. Немесе бір теңге бір сағыз тұрады.

      Егер 2000 жылы 100 теңгеге 3 бөлке нан, ал 2010 жылы 100 теңгеге 1,3 бөлке нан алуға болатын болса, қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Дұрыс, теңге арзандады, ал нан қымбаттады.

      Сұрақтар

      1. Ақшаның бағасы бар ма?

      2. Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

      3. Валюта бағамы дегеніміз не?

      4. Қандай валюталарды білесің?

      Тарау 3. Байлық дегеніміз не?

      20 фунт жылдық табысыңда шығысың 19 фунтов 96 пенс болса – бұл бақыт. 20 фунт жылдық табысыңда шығысың 20 фунт 6 пенс болса – бұл кедейлік.

      Чарльз Диккенс

      Мүмкін сен бай болғың келетін шығар? Бірақ байлық не екенін сен түсінесің ба?

      Мысалы, менің он екі жасар қызым бұл сұраққа бай адам ақшасы көп адам деп, ал қаншалықты көп деген сұраққа ойланып: миллион доллар деп жауап берді.

      Бұл анықтама дұрыс емес. Мүлдем дұрыс емес деп айтуға болады.

      Байлықты белгілі бір ақша көлемімен