Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

рөлін айқындау, тиісті ғылыми маңызына көз жеткізу жүйелері әлі де алдағы шаруалар қатарында тұрғандықтан, жас физиктің қиын іске құлшыныс білдіргені профессор ойларымен толық үйлесім тауып жатты.

      Иә, бұл шынымен оңай емес-ті. Оңай болмайтыны: әлі де үштен бір ерекшелігі електен өтпеген жаңалықтың соңғы нәтижесінде оқыған-тоқыған теориялар мен тұжырымдардың соңынан ала жәй жүріп кетуге болмайтын. Ендеше А.Ф. Тулинов 1964 жылы тапқан физика әлеміндегі тың жаңалықты одан әрі өрбітіп әкетудің қиындығы қыруар екенін, соған сәйкес қызығы да молдығын, шын физик болам деушілерге оның шыңдалу мектебіне айналатындығын жас аспирант Бэла Ахметова жете сезінді.

      Көлеңкелер эффектісін кең түрде зерттеуге кірісер алдындағы Бэланың көңіл-күйі осындай болатын.

      «Көлеңкелер эффектісі» деп аталатын жаңа физикалық құбылыстардың өзіндік сырлары мен ерекшеліктері мол-тұғын. Тынбай ізденіс, талмас талпыныс, тоқтаусыз жүргізілетін зерттеу жұмысының арқасында ғана нәтижеге қол жететіндігін түсінген шәкірт қыз өзіне өлшеусіз зор талаптар қойды. Теориялық жалпы дайындығын тереңдетуді, ғылыми ой-өрісін кеңейтуді, осыған байланысты соңғы оншақты жылда қауырт өрістеп, кең қанат жайған ядролық физика саласындағы әлем ғалымдары жүргізіп жатқан зерттеу жаңалықтарымен танысып отыруды алғышартқа айналдырды. Бұл көп күшті, үлкен табандылықты керек ететіні кәміл еді.

      Олай болатын себебі, Бэла уақытының әр сағатына нардың жүгін арқалауға әмір беретін де, сол жүктің ауырлығын кейін, шаршап, жатақханаға келгенде бір-ақ сезінетін. Оңай ма екен: өзге әдебиеттерді былай қойғанда, өзінің негізгі ғылыми жұмысы саласындағы орыс тіліндегі саналуан әдебиеттерге қоса, ағылшын, француз тілдеріндегі арнаулы ғылыми еңбектерді түпнұсқадан оқып-ұғыну, көлеңкелер эффектісі «жазылып алынған» фотопластинкалардағы жұмбақ жолақтарға үңілу, ядролық үдеткіштердің жанында өтетін сағаттар, университеттегі қоғамдық жұмыстар… Бэланың күндегісін күнде әр сағаты нардың жүгін арқалауға мәжбүр ететіні де міне, осындай толымды күн тәртібінің талабынан туған-ды.

      Көп ұзамай-ақ, Бэла көлеңкелер эффектісінің келешегі жайлы алғашқы ой ұшқындарын ұстап, оларын жинақтап, жүйелей бастады. Бұл эффектіні профессор жүйрік протондардың монокристалдарда жайыла тарауын зерттеу үстінде алғаш аңғарып, тың құбылыс екенін дәлелдеген еді. Ол зарядталған бөлшектердің монокристалдарға жайыла тараған кезінде өзге аморфтық заттарға тарағанындай кез келген жаққа бытырай ұшпайтындығын, белгілі бір бағыттарда бөгелуге жолығатындығын және бұл бағыттарда көлеңкелер пайда болатындығын көрді. Ал, бұл бағыттарға осы кристалдың кристаллографиялық осьтері мен жазықтықтары бағыттарына дәлме-дәл қайталанған эксперименттер кезінде, жүйрік протондардың іздері жазылып алынған фотопластинкалардағы кристалл құрылымынан айна-қатесіз аумайтын жолақтар мен теңбілдер жүйесіне қарап анық көз жеткізуге болатын-ды.

      Бэла Ахметованың алдында тұрған ендігі ғылыми мақсат та осы көлеңкелер