Название | Айналаңды нұрландыр |
---|---|
Автор произведения | Ғалым Мұтанов |
Жанр | Поэзия |
Серия | |
Издательство | Поэзия |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-0369-7 |
Өзгермейтін бар анық.
Ол – ешқашан өшпейтін,
Өмірге деген құштарлық!
БАҚЫТ ТУРАЛЫ
Өтіп жатқан өмірде,
Бақыт деген немене?
Арман еткен әр адам,
Мәнін оның біле ме?
Өз бақытын іздеген.
Мақсат етіп көздеген.
Оңай емес бар жұртқа,
Жауап айту бір сөзбен.
Жөн мұны әркім білгенге,
Қанша адам бар әлемде.
Бақыт жайлы түсінік,
Ол да, сондай көлемде.
Қабылдауға, бар адамға.
Жауап іздеп, ойланғанға.
Нағыз бақыт сол емес пе –
Бақытсыздық болмағанда!
БАҚЫТ ҮШІН ЖАРАЛҒАН
Өмірге келген әр адам,
Бақыт үшін жаралған.
Лайықты болу оған,
Әр жанға басты арман.
Жету үшін бақытқа,
Жолын оның іздемек.
Ұмтылған ол жарыққа,
Ұшып жүрген көбелек.
Іздер, талмай жетер жолды,
Болу үшін бақытты.
Ал сол жолды анықтайды,
Әр адамның тағдыры!
КӨҢІЛ ҚҰСЫ
Алып ұшқан көңілге,
Қанат бітер әр кезде.
Қуаныш оты алаулап,
Жанса егер кеудеде.
Көңіл құсы самғайды,
Ұшудан еш талмайды.
Қалықтап ол биікте,
Іздегенін таңдайды.
Көңіл құсы шарықта,
Шаршама сен самғауда.
Қанатында көңілдің,
Болайын мен де аспанда.
КҮН МЕН ТҮН
Күн мен түн.
Екеуінің кезегін,
Болсын деп жаратқан,
Екі жарты – бір бүтін.
Күн мен түн.
Көрсетер екі бөлігін.
Күнделікті тірлікте,
Біртұтас әлемнің.
Күн мен түн.
Алмастырып бір-бірін.
Қысқартуда жарысып,
Уақытын өмірдің.
Күн мен түн.
Алмасуы екеуінің.
Білдіреді әркімге,
Дүние кезек екенін.
ҮМІТ
Күнделікті мыңдаған қол,
Жайылады созылып көкке.
Ниетпенен жасалар жол,
Жету үшін тілекке.
Жайылған мың алақан,
Қуат алып ғарыштан.
Шығады байланысқа,
Иеменен жаратқан.
Күнделікті құлшылықта,
Болып осындай қатынаста.
Мың жүрек, мың тілек,
Бір Алладан үміттенед.
ЗАМАНА
Тозар уақытпен барлық зат,
Жаңарар бірақ,
Басқа затпен алмасып.
Тозар уақытпен адамзат,
Жасар бірақ,
Ұрпағымен жалғасып.
Заманның әр кезеңі –
Әр буынның кезегі.
Алдыңғылардың орнына,
Жаңа ұрпақ келеді.
Жүріп жатыр бұл үрдіс,
Мынау дүние фәниде.
Дүниеде – болған қоныс,
Тұрғындары өзгеруде.
Өзгеруде барлығы,
Кезекпенен алмасып.
Кетерсің сен де бір күні,
Бұл дүниемен қоштасып.