Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Читать онлайн.



Скачать книгу

«нөмір бірінші» функциясы жоспарлау болып табылады. Оны іске асыру барысында, кәсіпкер немесе басқарушы фирма жағдайының терең және жан жақты сараптамасы негізінд алдағы мақсаттар мен мүдделерді құрып, әрекеттер стратегиясын ойластырып, қажетті жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.

      Жоспарлау процесі ұйымның мақсаттарын құруға және нәтижелерді қадағалауға әрекет көрсеткіштерінің жүйесін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Одан басқа, жоспарлау құрылымдық бөлімшелер әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз етіп, ұйымның ішіндегі әр бөлімдерінің басқарушыларының өзара әрекеттесуін нығайтады. Бұл дегеніміз, жоспарлау – анықталған мүмкіндіктер, жағдайлар мен факторлар негізінде ұйым қызметін жақсарту әдістері мен дамытудың жаңа жолдарын зерттеудің үздіксіз процесі. Яғни, жоспарлар директивті сипатта емес, нақты жағдайға тәуелді өзгеруі тиіс.

      Жоспардың іске асырылуын басқа функциялар атқарады, ең алдымен, ұйымдастыру функциясы. Бұл функцияның мақсаты – ұйым құрылымын құрастыру және оның тиімді жұмысы үшін қажетті нәрсенің барлығымен қамтамасыз ету – персонал, материалдар, жабдық, кеңсе, қаражат, т.б.

      Ұйым құратын кез келген жоспарда ұйымдастыру кезеңі болады, яғни, жоспарланған мақсатқа жету үшін нақты жағдайлар құрылады. Көп жағдайда нарықтық экономика талаптарына жоспардың бейімділігін арттыру мақсатында ұйымның өндіріс және басқару құрылымдары қайта құрылады.

      Басқарушы жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру барысында ұйым қандай қызмет атқаратынын, және бұны кім және қашан іске асыратынын өздігінен анықтайды. Бұндай шешімдер тиімді қабылданған жағдайда, басқарушының іс жүзінде менеджменттің ең маңызды функциясын – уәжді қолданып, өз шешімдерін іске асыруға мүмкіндігі пайда болады.

      Уәж – бұл ұйымда қызмет атқаратын адамдарды белсендіріп, жоспарда анықталған мақсаттарға жету үшін тиімді жұмыс істеуге түрткі болуға бағытталған қызмет. Ол үшін қызметкерлерді моральді және материальді түрде қолдап, жұмыстың мәні мен мазмұны байытылып, жұмысшылардың шығармашылық потенциалы мен өздігінен жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасалады.

      Бақылау – ұйымның өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол пайда болатын мәселелерді, олар күрделене түспей тұрғанда, табу және шешу үшін қажет. Бақылауды тиімді қызметті белсендіру мақсатында қолдануға болады.

      Қол жеткізген нәтижелер жоспарланған нәтижелерден өзгеше болған жағдайда, бақылау процесі стандарттарды құрудан, қолда бар нәтижелерді өзгертуден, өзгертулерді енгізуден тұрады.

      Бақылау – бұл басқарудың күрделі де өте маңызды функциясы. Бақылаудың ерекшеліктерінің бірі, ол, бақылаудың барлығын қамтитын процес болу қажеттілігінде. Әрбір жетекші, өзінің шеніне тәуелсіз, оны арнайы ешкім міндеттемесе де, бақылауды өзінің қызетінің ажыратылмас бөлігі ретінде қарастыру керек.

      Менеджменттің орталық функциясы үйлестіру болып табылады. Үйлестірудің міндеті – ұйымның барлық буындарының арасында рационалды байланысты (коммуникациялар)