Название | Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері |
---|---|
Автор произведения | Қарлығаш Мұхтарова |
Жанр | Управление, подбор персонала |
Серия | |
Издательство | Управление, подбор персонала |
Год выпуска | 2012 |
isbn | 978-601-247-411-4 |
Шешімдер ағашы. Шешімдер ағашы – басқару ғылымындағы қолда бар варианттардан ең тиімді әрекетті таңдаудың тағы бір танымал әдісі. Шешімдер ағашы – бұл шешім қабылдау мәселесін схема түрінде бейнелеу. Төлем матрицасы сияқты, шешімдер ағашы басқарушыға әрекеттің әр түрлі бағыттарын ескере отырып, қаржылық нәтижелерді олармен сәйкестендіріп, оларды тиісті ықтималдылыққа сай реттеп, баламаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Күтілетін мән концепциясы шешімдер ағашы әдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шешімдер ағашы әдісін жоғарыда келтірілген төлем матрицасы қолданылатын жағдайларда пайдалануға болады. Бұл кезде нәтижелер, ықтималдылықтар, тағы басқа мәліметтер шешімге әсер етпейді. Бірақ, бұл әдісті күрделірек жағдайға да – бір шешімнің нәтижесі басқа кейінгі шешімдерге әсер еткен жағдайға да бейімдеуге болады. Осылайша, шешімдер ағашы – бұл тізбектелген шешімдерді қабылдауға арналған пайдалы да тиімді құрал.
Бүгінгі күнде электр газон шапқыштарды өндіретін фирманың вице-президенті қол газоншапқыштар нарығы кеңеюде деп есептейді. Ол, қол газоншапқыштар өндірісін бастау керек пе, жоқ па, егер керек болған жағдайда, электр газоншапқыштар өндірісін жалғастыру керек пе, әлде жоқ па деген шешім қабылдауы тиіс.
Екі типті шапқыштарды өндіру үшін өндірістік қуатты көбейту қажет. Шешім қабылдаудан бұрын басқарушы барлық жағдайлардағы тиімділіктер мен шығындар туралы релевантты ақпаратты жинап алады. Бұл мағлұмат шешімдер ағашында бейнеленген.
Шешімдер ағашын пайдаланып, басқарушы екінші нүктеден бастапқыға өту арқылы ең тиімді шешімді қабылдауды – екі типті газоншапқыштарды өндіру мақсатында өндірістік қуатты көбейтуді ұйғарды. Ол егер А нүктесінде электршапқыштарға төмен сұраныс болған жағдайда, қуатты көбейтуден бас тартқандағы табыстан (1 млн АҚШ долл) үлкен болған күтілетін пайданың көлемімен (3 млн АҚШ долл) байланысты.
Болжамдау әдістері. Басқарушы қадам бастайтын жорамалдар ол басқара алмайтын болашақтағы жағдайлармен байланысты. Бірақ осындай жорамалдар көптеген болжау операциялары үшін қажет. Басқарушы болашаққа қатысты ішкі және сыртқы жағдайларды неғұрлым дәл жорамалдаса, іске асырылатын жоспарларды құру мүмкіндігі соғұрлым зор болатыны түсінікті.
Болжамдау – болашақты анықтау мақсатында бұрын жинақталған тәжірибемен қатар, болашаққа қатысты жорамалдар да қолданылатын әдіс. Егер болжамдау сапалы орындалса, оның нәтижесі ретінде жоспарлаудың негізіне алына алатын суретті көреміз.
Бүгінгі күнде болжамдау – бөлімдерге бөлінген мамандандырылған сала. Нақты қызмет салаларындағы болжамдаумен айналысатын фирмалар бар. Оған мысал ретінде Гэллап институтын келтіруге болады, ол іртүрлі саяси және әлеуметтік