Название | Халықаралық транспорт операциялары |
---|---|
Автор произведения | М. Байгісиев |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-0691-9 |
РФ теміржол транспортының келешегі дұрыс тарифтік және салықтық саясатқа, сондай-ақ, теміржол желісінің, оның қызметінің жаңа транзиттік және экспорт-импортты жүк айналымының мүмкіндіктеріне бейімделуіне байланысты деуге болады. Сонымен қатар, «транспорттық дәліздерді» құру мен интермодальды тасымалды жүзеге асырудың қазақ мерзімді перспективасы бар екендігі күмән туғызбаса керек.
Автокөлік транспорты. Әлемдік автокөлік паркінде 1,015 млрд. көлік пен автобустар бар. Транспорттың бұл түрі экономиканың жағдайына, халықтың әлеуметтік ахуалына және т.б. факторларға тәуелді бола отырып, сұраныстың барлық өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жалпы соңғы жылдары автотасымалдау қажеттілігі өсу үстінде. Сәйкесінше, тек автокөлік паркі үлкейіп қана қоймай, тасымалданатын жүктер көлемі де артып, көлік жолдары да ұзара түсуде. Болжам бойынша 2035 жылы автокөліктер мен автобустар саны 1,7 млрд. – қа жетеді.
Жүк көлігімен тасымалдау үлесі үнемі ұлғайып отырады. Себебі, тасымалдаудың бұл түрі жол бағыттарымен жүру графигіне икемді келеді. Жүк көлігі жіберушіні артық жүк тиеу шығындарына ұрындырмай, тауарды «есіктен есікке» жеткізе алады. Жүк көлігі – қымбат тауарларды салыстырмалы жақын қашықтыққа тасымалдауда тиімді (рентабельді) болып келетін көлік түрі болып табылады. Көп жағдайда автокөлік тарифтерін теміржол тарифтерімен салыстыруға