Название | Практикалық археология |
---|---|
Автор произведения | Ғани Омаров |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2015 |
isbn | 978-601-247-529-6 |
Әрбір нысанның арасынан байланыс жүргізу үшін нақтылы хронологиялық кезеңдегі функциональдық маңыздылығының бағасын анықтау қажет. Әрбір жүз жыл сайын негізгі қызметі бар орталық елді мекен маңынан онымен байланысты жаңа құрылыстар пайда болады.
Мысалы, Шығыс Еуропада мемлекеттік шекараның қалыптасу кезеңінде, кейбір қалалар шекаралық аумақ қызметін атқарды. Сондықтан, егер археолог ортағасырларға жататын хронологиялық кезеңдегі нысанмен жұмыс жасаса, сол уақыттағы тарихи процестерге еніп және оның басқа ескерткіштер жүйесіндегі орның анықтауы қажет.
3.3. Материалдарды есепке дайындау
Ғылыми есеп – бұл археологиялық зерттеулер нәтижесінде дайындалатын аса маңызды құжат және зерттеліп отырған нысан жайлы ғылыми мәлімет беретін негізгі дерек. Сондықтан ғылыми есепті дайындауға байланысты барлық жұмыстар «Археологиялық бақылау және қазба жүргізуге арналған ереже» бойынша атқарылады.
Ғылыми есепке арналған материалдардың дайындығын ескерткіштің сипатына, онда жүргізілетін жұмыс түріне және нысан жайлы бар мәліметке байланысты жұмыс жасайтын әртүрлі мамандар жүргізеді.
Ескерткіш жайлы алғашқы мәліметтер құрамына:
тарихи мәлімет, мұрағат және жарық көрген деректер бойынша дайындалады. Бұл жұмысты қазбаның жетекшісінің бұйрығымен жалданған тарихшы немесе жетекшінің өзі атқарады.