Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

70-тен аса елден тартылған. БҰҰ тарапынан алдын алу дипломатиясы (фактілерді анықтау жөніндегі миссия, бітімгершілік және т.б.), тараптардың уақытша бітімге келуін бақылауды ұйымдастыру, гуманитарлы көмек (босқындар мен қақтығыс құрбандарына көмек көрсету), қақтығыстан кейін ақтауға көмектесу сияқты шаралар ұйым тарапынан көрсетіле бастады.

      БҰҰ қақтығысты аймақтарда – Сомали, Мозамбик, Камбоджа, Ауғанстан, Орталық Америка, Гаити, бұрынғы Югославия, Таяу және Орта Шығыстағы, Руандадағы, Батыс Сахара, Тәжікстан, Грузиядағы қақтығыстарды реттеуге қатысты. Қауіпсіздік кеңесі санкция түрлерін, атап айтқанда, экономикалық, дипломатиялық, саяси, қаржы санкцияларын пайдаланды, қарулы күш қолданбай күштеу шараларын қолданды.

      Бірақ қырғиқабақ соғысының аяқталуы БҰҰ-ға жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сондай-ақ оның кемшілікті жақтарын көрсете бастады. Оның бірі ұйымның әлі де болса бюрократтық аппараттарының болуы, шешім қабылдауына кедергі келтіруде. Екінші жағынан БҰҰ халықаралық-саяси өзгерістерге қарай бейімделуі қажет.

      БҰҰ реформалау мәселесі ұйым мүшелері арасында келіспеушіліктер тудыруда. Соған қарамастан бірнеше негізгі мәселесін көрсетуге болады:

      – халықаралық қауіпсіздік мәселесінде, дағдарысты реттеуде және бітімгершілік әрекеттерін жүзеге асыруда БҰҰ-ның едәуір тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

      – саяси тұрақсыздыққа байланысты, адам құқы бұзылған жағдайда, экологиялық апаттарға байланысты болған жағдайда елдің ішкі ісіне БҰҰ-ны қатыстыру мүмкіндігін кеңейту;

      – «дәстүрлі емес» салалардағы (экология, көші-қон, ақпараттық толқындарды реттеу) БҰҰ рөлін күшейту;

      – БҰҰ қызметін қаржыландыру тәртібін және оның қаржы ресурстарын пайдалану қағидаларын өзгерту;

      – БА рөлін жетілдіру, оның пәрменді шешім қабылдау үшін мүмкіндік жасау;

      – Бас Хатшының мәртебесін нақты анықтау және БҰҰ Хатшылығының жұмысын қайта құру;

      – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің қызметі мен рөлін айқындау, олардың қызметін үйлестіру, Халықаралық Соттың өкілеттілігін кеңейту;

      – ҚК жұмысының тиімділігін арттыру және оның құрамын өзгерту.

       Соғыстан кейін әскери қылмыскерлерді жазалау. Соғыс кезіндегі келісімдерге сәйкес КСРО, АҚШ, Англия және Франция басты әскери қылмыскерлер үшін әскери трибунал құрды. Сот мәжілісі 1945 жылдың 20 қарашасында Нюрнберг қаласында өтті, бұрын бұл жерде фашистік партия съездері өтетін. Сотқа тірі қалған 24 басты нацистік әскери қылмыскерлер, оның ішінде Гитлердің орынбасарлары Геринг пен Гесс, адмирал Дениц, бұрынғы канцлер Папен, Сыртқы істер министрі Риббентроп, әскери басқару басшылары Кейтель мен Йодль және банкир Шахт тартылды. 1946 жылдың 1 қазан күні 12 айыпталушы дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді, ал қалғандары әртүрлі мерзімге абақтыға қамалды.

      Басты жапон әскери қылмыскерлері де Халықаралық әскери трибуналға берілді, 1946 жылдың 3 мамырынан 1948 жылдың 12 қарашасына дейін Жапония астанасы