Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

айыптады, оны жастар, әйелдер, шығыс өлке тұрғындарының көңіл-күйлерін ескермеді деп жазғырды. А. Меркель өзінің жақтастарын консервативті құндылықтарды жаңартуға, келешекке бағдар алған саясатты жасап шығаруға шақырды. ХДО жетекшісі А. Меркельдің позициясы дәстүрлі консервативті құндылықтарды бар күшімен сақтап қалуға тырысқан партияның оңшыл қанатының қарсылығын тудырды. Нәтижесінде А. Меркель өзінің бундестагта ХДО/ХӘО фракциясын басқару ниетін білдірді, ал Э. Штойбер екінші қатарға ығыстырылып, Бавариясына қайтып оралуға мәжбүр болды. Осылайша, бундестагтағы оппозиция жетекшісі А. Меркель болды.

      Жалпы алғанда, соңғы жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірқалыпты болды, дегенмен, қазірдің өзінде екі негізгі мәселе шешімін таппауда – біріншісі жаппай жұмыссыздық, ол 2002 жылы 4 млн адамнан асқан болатын және елде иммигранттардың көптеп келуі салдарынан олардың саны артуда, мұның өзі ұлтаралық қатынастар саласында қиындықтар туғызатындығы сөзсіз. Бұл мәселелерді шешу ГСДП-ның «жаңартылған Германия» атты бағдарламасында маңызды орын алды.

      2003 жылы ГФР-дың бірқатар жерлерінде жергілікті басқару органдарына сайлау барсында жеңіліс тапқан социал-демократтар үкіметі шұғыл түрде созылып кеткен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығару жолдарының жаңа тәсілдерін іздестіруге кірісті. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 5 млн адамға жақындау қаупін туғызды, ал жоғарғы салықтар ұлттық экономиканың дамуын ынталандыра алмады. 2003 жылы жазда Г.Шредер үкіметі салық реформасын жүргізу ұсынысын білдірді. 2003 жылдың қазан айында Г.Шредер үкіметі бундестаг депутаттарының қарауына елдегі еңбек нарығын түбегейлі өзгертуге, тиімді өндіріс үшін материалдық ынтаны арттыруға, әлеуметтік көмек алатындарды тыныштандыруға бағытталған «Кезектегі мәселе-2010» атты реформалар қоржынын ұсынды. Осы реформаларды жүргізу арқылы Шредер ХДО/ХӘО коалициясындағы бәсекелестерінің жеңіске деген үмітінен айырмақшы болды. ГФР тұрғындары өмір сүру деңгейінің жоғары болуына, кепілденген әлеуметтік қорғауға дағдыланып қалды, ал үкіметтің оларды бұл дәулеттен айырудың кез келген амалдары әділетті наразылық тудырды.

      2003 жылы 18 қарашада Рур аймағының ірі өнеркәсіп орталығының бірі Бохумда социал-демократтардың көпжылдық басқаруын қорытындылауға және келешек реформалардың болашағын белгілеуге тиісті ГСДП партиясының үш күндік съезі ашылды. Съезд делегаттарының алдында есеп баяндамасымен сөз сөйлеген федералды канцлер Г. Шредер өзінің әріптестерін реформаторлар жолында пайда болатын қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге шақырды. Социал-демократтар «Болашаққа бағыт» атты бағдарламалық құжат қабылдап, Шредер үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын жалпы алғанда құптады. Сонымен қатар съезге қатысушылар оның партия құрамында қызмет еткеніне 40 жыл толуын салтанатты түрде атап өтіп, саяси қызметінде одан әрі жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.

      Дегенмен, партияның жағдайы ауыр болды. Әлеуметтік зерттеулер