Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

болатын. Парсы шығанағында соғыстың аяқталуымен, Құрама Штаттарында терең экономикалық әлсіреушілік басталды және оны тоқтатуға 1992 жылы ғана қол жеткізілді.

      Президент Б. Клинтонның бірінші мерзімі (1992-1996 ж.). 1992 жылғы сайлауда Демократиялық партия өкілі Билл Клинтон жеңіске жетті. Сонымен қатар, демократтар Конгрестің екі палатасына да өз ықпалын сақтап қалды. Бұл әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға жақсы жағдай болды. Сайлау кезінде тәуелсіз үміткер Росс Пероның өз кандидатурасын ұсынуы нағыз жаңалық болды. Техастан шыққан миллиардер АҚШ-тың дәстүрлі қос партиялы жүйесіне қарсы тұрды. Алайда, ол мардымды дауыс жинай алмады.

      Б. Клинтонның жеңісін көптеген себептермен түсіндіруге болады, бірақ ең бастысы – жақсы ойластырылған және анық көрсетілген демократтардың экономикалық жоспары болды. Бұл бағдарламаны әдеттегідей үміткердің өзі емес, қаржы саясаты жағынан танымал маман, Пристон университетінің экономика профессоры Алан Блиндер халыққа жария етті. Бағдарлама үш бөлімге бөлінді; біріншісі елдегі экономиканың төмендеуіне қарсы шаралар, екіншісі мемлекеттік қор жинауды ұлғайту және елдің техникалық жаңартуын тездетуге бағытталған шаралар жиынтығы, ал үшіншісі мемлекеттік дефицитті азайту және америкалық экономикаға кредит беруге қолайлы жағдай жасауға бағытталды.

      Клинтонның әлеуметтік бағдарламасы да көңілге қонымды болды. Ол өзіне балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету, жастарға мамандық беру орталықтарының жүйесін кеңейту, мектепке дейінгі мекемелерге қаржылай көмекті ұлғайту, бүкіл мемлекет бойынша балаларға міндетті вакцина салу, шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер жасау, жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласында реформа жүргізу, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақының мерзімін ұлғайтуды енгізді. Жалпы алғанда экономиканы тұрақтандыруға жылына 6 млрд доллар керек болды. Клинтон әкімшілігі алғашқы төрт жылда 500 мың жаңа жұмыс орындарын ашады деп жоспарланды.

      Жаңа әкімшіліктің сайлау алдындағы уәделерінің жартысын болсын орындауға деген талпыныстарына қарамастан елдегі әлеуметтік- экономикалық жағдай нашар болды. Клинтонның атағы елде төмендеп, 1995 жылы тек 10-15 % құрады. Бұл демократтардың 1996 жылғы сайлауда жеңуі мүмкін емес екенін көрсетті. Бұл жағдайда президент Клинтон өз бағдарламасын қайтадан қарастырды. Басқаша айтқанда, Клинтон жеке капиталды арттырып, әлеуметтік шығындарды азайтуға кірісті. Көп ұзамай бұл шаралар халықтың көпшілігіне жағымды өзгерістер алып келді, ал елдің экономикалық жағдайы жақсара бастады. Бұған, әрине, әлемдік нарықтағы қолайлы жағдайлар да әсер етті.

      90-жылдардардың ортасында президент Клинтон алдағы сайлауда жеңіске жету мақсатында көптеген шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Мысалы, мамандармен ақылдаса отырып, президент Р.Рейган тұсында қабылданған Стратегиялық қорғаныс бастамасы (СҚБ) бағдарламасынан бас тартатындығын жариялап, осы бағдарламаға бөлінген