Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.



Скачать книгу

таралды. Несиелер метрополия банктеріне орасан-зор пайда әкеліп қоймай, борышкер-елдердің үстінен қаржы бақылауының орнатылуына өз себін тигізді. Банкілер шикізат шығаруды, пайдалы қазбаларды өндіруді бақылайтын көптеген мекемелерді иемденді. Отаршылдар қарапайым өнегелілік ұстанымдарын да аяққа таптады. Мысалы, олар Индонезияда апиын мен араққа монополия орнатты. Кореяда жапондық банк мемлекеттік банктің рөлін атқарып, банктноттар мен облигациялар шығарды, валюталық және қазыналық операцияларды жүзеге асырды. ХХ ғасырдың бас кезінде тек Англияның өзі осындай 50 банкіні иемденді, ал олардың әртүрлі қалалардағы бөлімдерінің саны бес мыңнан асып жығылды. Банкілер тәуелді елдердің экономикасын басқарып қоймай, олардың үкіметтерінің саясаттарын да анықтап беріп отырды.

      Капиталдың шығарылуы, тауарларды шығарылу көлемінің азаюына ешқандай ықпал еткен жоқ. Әдетте, неселер беру кезінде кредиторлар өздерінің өндірістік тауарлары үшін мейлінше тиімді жағдайларды саудалап алды. ХХ ғасырдың бас кезі бірқатар жаңа тең құқылы емес әділетсіз шарттардың пайда болуымен, кедендік саясатты метрополиялардың мүддесіне бағындырылумен ерекшеленеді. Осы кезде бір мезетте ескі капитуляциялар да өз күштерін сақтап қалды. Империалистік елдердің монополиялары кең көлемде отарлар мен жартылай отарларда шикізат және азық-түлік дақылдарын өсіретін плантациялар үшін арзан бағаға жерлерді сатып алумен және тікелей басып алумен айналысты. Осылайша, Азия мен Африка елдерін капиталистік өндіріс үшін шикізат көзіне айналдыру жүзеге асырылды. Мысалы, ағылшын капиталының қолына Үндістандағы шай плантацияларының басым бөлігі өтсе, голландық монополиялар Индонезияда кең-байтақ плантацияларды иемденді. Француздар отқа өртеп, қанға бояп, Алжирды отарлап, Марокко мен Тунисте әртүрлі қулық-сұмдық арқылы ұлан-байтақ жерлерді басып алды.

      Египетте пайдалануға берілген Суэц каналы да отаршылдардың мүдделеріне қызмет етті. Отарлар мен тәуелді елдерде шетелдік өндіріс мекемелерін, ең алдымен, тау-кен өндірісінде құру жүзеге асырылды. Отаршылдар ашылған және әлі де ашылмаған шикізат көздерін интенсивті түрде басып ала бастады. Осы мақсатпен олар кең көлемде концессиялар құра бастады. Бұл концессиялар ірі монополияларға тиесілі болды. Көптеген жағдайда, қойнауын тәуелді үкімет тарапынан еш бақылаусыз пайдалануға болатын концессиялардың территориялары мемлекет ішіндегі мемлекеттің бір түріне айналды. Бұндай концессиялардың қатарына Ирандағы ағылшын-иран мұнай компаниясын жатқызуға болады. Қытайдағы шетелдік концессиялардың территорияларында отаршыл қуатты мемлекеттер өздерінің билік органдарын, сот пен полицияларын иемденді. Мұнай, көмір, кен, сирек кездесетін металлдар, фосфаттар шетелдік монополиялардың қолына көшті. Жер қойнауын игеретін және пайдалы қазбаларды барлайтын сансыз компаниялар құрылды. Шетелдік мұнай компаниялары араб елдерінде, Иран мен Индонезияда мұнайлы аудандарды басып алды. Шетелдіктер