Название | Қызыл көктем зауалы |
---|---|
Автор произведения | Ануар Кошкарбаев |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2024 |
isbn | 9786018120107 |
Санасынан туындаған сан сұраққа мандымды жауап табылмағаннан кейін көп ұзамай, көліктің артқы есіктерін айқара ашып, ұзынынан серейіп ұйқыда жатқан күйеуінің біресе аяғынан, біресе қолдарынан тартқылап, біраз уақыт әлектенді. Қозғалар емес, денесі орындыққа желімделіп жабысып қалған тәрізді. Шапалақпен шарт-шарт еткізіп, бар күшімен бетінен ұрғыласа да, суық су шашса да, оянар емес.
Бұларға не болды деген бір ғана сұрақ жанын жегідей жеуде. «Жаңалықтардан естігенімдей, ұйқы ауруына ұшырады ма екен? Арам ниетті біреулер қарғады ма, әлде көз тиді ме? Мыналарды үйге қалай жеткіземін? Тәуба, алысқа ұзай қоймадық, енді ұялы телефонды алып, Мейрамның анасынан көмек сұрауға тура келетін болды». Мейрамға тұрмысқа шығып, алғаш келгенінде ол кісі түсі суық, қатал көрінгенімен, уақыт өте келінін өзіне жақын тартқысы келетінін байқаған, тіпті оған ұнайтын тәттілерін де әдейі арнап алып қоятын болыпты.
Көмекке келер адам тауып, жүзіне жан кіріп, ол жымия телефонын қолына алғаны сол еді, күтпеген жерден экраннан «телефон қоңырау шалу аясынан тыс жерде» деген белгі пайда болды.
– О, құдайым… мұнысы несі? Әлгінде ғана енеммен сөйлесіп едім, алысқа ұзамадық қой, – деген сөздер еріксіз аузынан шығып кетті. Ызадан болар, қолындағы пластикті лақтырып жіберуге оқталып, сәлден соң ол райынан қайтты. «Шынымен де, аяғым ауыр секілді. Кешеден, жүктілікті анықтайтын тестінің оң нәтижесін көргеннен бері өзімнің тез ашуланып, көрінген адамға айғай шығаратынымды байқап жүрмін. Тезірек ауруханаға барып, тексерілуім қажет», – деп, тағы да сөмкесіндегі кішігірім тестінің нәтижесіне сүйсіне қарап, өз-өзіне сенбей тұрды.
Шалғайда, «ит өлген жерде» орналасқан ауылдың адамдары әдетте қалаға таңертең ерте шығып, кешкі салқынмен бірақ қайтатын. Сол себепті күндіз жол бойынан көлік кездестіру мүмкін емес екенін бәрі біледі. Сағатына қарап, әлі төрттен аспағанын байқап, ұялы телефон ұстайтын аймақты іздеп, ары-бері біраз серуендеп, әйелдің еш нәтижесіз машинаға оралуына тура келді. Қайтып оралған кезде әлгі екеуі сол қалпы ұйқысын жалғастырып жатыр екен. «Бәлкім, бұларға қазір медициналық көмек керек шығар, кім білсін…» деген оймен ол бірнеше мәрте екеуінің демдерін тексеріп, жүрек қағысын тыңдап, қаннен-қаперсіз ұйқыда жатқанына көзі жеткен соң, қобалжығаны басылды.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney,