Название | Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі |
---|---|
Автор произведения | Мао Сяо |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2025 |
isbn |
Ақыры бір күні жәндік жатқан саз құмыра жарылып, екіге бөлініп кетеді.
Саз балшықтан жасалған құмыра екіге бөлінгенде, әлгі жалқау жәндік те екіге бөлініп қалады. Ол ерініп қайта бірікпейді. Сөйтіп, әлгі жәндік екі жәндікке айналып шыға келеді. Екеуі де арқасына жабысқан құмыраның жартысын алып тастауға ерініп, құмыраның сынығын көтеріп жүре беріпті. Жәндіктің арқасына жабысып қалған саздан жасалған құмыра сынықтары жүре келе сауыт сияқты қатты қабыққа айналыпты.
Бұл жылтыр қара сауыт тасбақаның сауыты болатын. Яғни тасбақа осылай пайда болған екен. Сол себепті тасбақа жалқау болады. Кейде ол бір орында ұзақ уақыт қозғалыссыз жата береді. Сондықтан да тасбақалар ұзақ өмір сүреді.
Ван Цзыхайдың көп жәндіктерінің ішінде цинфу жоқ екен.
Ван Цзыхай цинфуды ұстап қолда бақысы келеді, бірақ оны ұстау оған оңай болмайды.
Цинфуды ұстау көбелекті ұстаудан қиын болыпты. Ол оны ұстайын деп жақындай берсе болды, ұстатпай қашып кетеді екен. Ол адамның иісін алыстан біліп қоятын көрінеді. Яғни оның иіс сезу қабілеті өте жоғары, ол тіпті қыбыр еткен желдің өзінен қашады екен. Соған қарағанда, оның көру қабілеті де жақсы болса керек, ол сонау алыстан көрінген жарық пен көлеңкенің өзін байқап қоятын болыпты.
Қорытып айтқанда, цинфуды қолға түсіру оңайоспақ жұмыс болмапты.
Ван Цзыхай өзі білетін амалдарының бәрін істеп көрсе де цинфуды ұстай алмапты.
Ван Цзыхай цинфуды ұстау үшін қарағай бұтақтарын жағып, оны жарықпен өзіне жақындатпақшы болады. Ол кезде сіріңке, шақпақ, тіпті шақпақ тас та жоқ болатын. От жағу үшін ағашты бір-біріне үйкеу әдісі де әлі ойлап табылған жоқ еді. От жағудың жалғыз жолы – аузынан от шашып жүретін отшашарды табу. Отшашар от жағып беру үшін ақы алатын. Ол елде жоқ баға сұрайтын. Оның үстіне, айтқан бағасында тұрып алатын. Ол оған бір себет дашин беріп тамыздық алады.
Нәтижесінде, оның жаққан отының жарығына бірде-бір цинфу алданбапты. Ван Цзыхай оны балық аулағандай аулап алмақшы болып та көріпті, бірақ цинфу қармаққа түспей қойыпты. Ол оны өрмекшінің торымен ұстамақшы болыпты, одан да түк шықпапты. Ол өте сезімтал жәндік екен, оны ешкім қолға түсіре алмапты.
Сөйтіп, Ван Цзыхай әр жолы құр қол қайтады екен. Ол осыған қатты қапаланыпты. Қолы жетпеген сайын оны қалайда ұстауға тырысады. Ол тіпті түс көрсе де цинфуды ұстай алмай қиналып жүргенін түсінде көретін болыпты.
Жалықпай еңбек еткен адам сол еңбектің жемісін көреді. Бір күні Ван Цзыхай цинфуды ұстай алмай дымы құрып тұрған кезде күтпеген жерден жапырақта қалып қойған бір тал жұмыртқасын тауып алады.
Ван Цзыхайдың жұмыртқаны қолына ұстаған кездегі қуанғанын сұрамаңыз! Ол жұмыртқаны үйіне алып келіп, саз балшықтан жасалған құмыраға салып қояды. Күтпеген жағдай болады. Әлгі ұстатпай жүрген цинфу Ван Цзыхайды өзі іздеп келеді. Ван Цзыхай жұмыртқаны жақсы күте алмайды десе керек. «Жұмыртқаларды қыш сынықтарының үстіне қоюға