Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина

Читать онлайн.



Скачать книгу

– жылы жүзді, мейірімді әрі ұялшақ бала. Карина туралы жылы жымиып сөйлейді. Каринаның арқасында көптеген таңсық дүниемен және қызықты орындармен танысты. Каринаның өзі – өте мейірімді әрі рухани тәлімгер. Әр сөзінен Вагибке деген қамқорлықтың, ізеттіліктің лебі есіп тұрады. Әрдайым оның пікірін ескеріп, шынайы алаңдайды, оны әркез қолдайды.

      Егер үйде жасөспірім болса

       Жоба психологі Дана Серікованың ұсыныстары

      Ерте ме, кеш пе, құртақандай сәби өсіп, жасөспірімге айналады. Неліктен кеше ғана тәй-тәй басқан, ата-ананың қамқорлығы мен махаббаты қажет бала, аяқ астынан кірпідей жиырылып, бөлектеніп шыға келді? Өзгеру кезінде өзіңізге және балаңызға қалай көмектесу керек? Осы тарауда мән-жайды ұғуға тырысып көрейік.

      Жасөспірімдік немесе пубертатты (лат. Pubertas – жыныстық жетілу) кезең – бұл адамның өтпелі жасы. Не бала емес, не ересек адам емес шақ. Өтпелі кезең балаға өте ауыр, бұл оның мінез-құлқына, қарым-қатынасына әсер етеді. Кешегі сәбиіңіздің бойындағы өзгерістердің келесідей себептерін атап көрсетуге болады:

      1. Конституция немесе жай ғана айтқанда, дене бітіміндегі өзгерістер. Бұл кезеңде баланың сырт келбеті күрт өзгереді: екінші реттік жыныстық белгілер байқалады, аяқ-қолдары ұзарады, дене салмағы өзгереді, сүйкімсіз безеулер және тер иісі пайда болады. Егер сіз бірден салмақ қоссаңыз, бетіңізден безеу немесе енді басталып келе жатқан бастың қасқасын көрсеңіз, қандай сезімде болар едіңіз? Мұндай өзгерістер көңіл-күй мен өзін-өзі сезінуге әсер етпей қоймайды.

      2. Физиология. Физиологиялық өзгеріс бүкіл денеге әсер етеді: ми мен оның жұмыс істеуі өзгереді, сүйек пен бұлшық ет өседі, гормондар өзгереді. Бұл – кез келген адамға зор салмақ. Еске түсіріңізші, әйелдер етеккір келген кезде, суық тигенде немесе қарапайым ұйқы қанбаған кезде қалай болады, жасөспірімде де уақыттың көбі дәл сондай күйде өтеді. Қысқасы, ол жалқау, қу немесе зиянды емес, жай ғана шаршаған, мең-зең және күйгелек.

      3. Әлеуметтену. Бұл жерде Лениннің сөзін өзгертіп келтіруге болады: жасөспірімдер ескіше өмір сүргісі келмейді, бірақ жаңаша күн кеше алмайды. Бозбаланың әлеуметтік қажеттіліктері балаларға ұқсамайды, бірақ ол әлі ересек адам емес әрі ересектер тәрізді өмір сүру дағдысын білмейді. Күйзеліс осыдан басталады. Бойы ата-анасынан да биік, серейген бозбала сондай үлкен болса да, неліктен оларға бағыну керектігін түсінбейді, сөйте тұра іштей әлі де ересектерге тәуелді екенін сезеді. Бұл ішкі қайшылықты тудырады. Өз кезегінде көз алдында дене бітімі ересек адамды көріп тұрған ата-анаға да өздері сияқты ойлап, істей алмаған соң, оның әлі де бала екенін түсіну қиынға соғады. Мұндай күйзелісті өмірде маңызды бір өзгерісті бастан кешкенде сіз де сезінуіңіз мүмкін. Мысалы, ұзақ жылғы бойдақтық өмірден кейін жауапкершілігі мол отбасылық өмірге үйренісу оңай болмауы мүмкін.

      Бұл факторлар кез келген ересек адамға кедергі келтіріп, өзін-өзі сезінуін өзгертуі мүмкін. Бұл