Название | Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап |
---|---|
Автор произведения | Қанат Жойқынбектегі |
Жанр | Историческая литература |
Серия | |
Издательство | Историческая литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005549501 |
Малын сойғызды. Екі-үш үйден бөлініп төбе беткейлерінде отырған Елгелділердің тәуірлерін шақырды. Ерназардан болыс болып сайланған адамды көруге шақырған соң, іргесінде отырған туыстардың бәрі келді. Он алты қанат киіз үйіне лық толып, симағандар көрші киіз үй ішіне жайғасқан еді. Жанкелді балаларымен көңілдері қаншалықты суық болса да, туысқан рудан болғандықтан туыстық жылылық бар еді іштерінде. Болыстың мына келісі соның белгісіндей көрінген. Әр тақырыпта сөз өрбіп, жақсы күйде отырды. Әлгінде басталған әңгімені Жәмкенің жақын туысы Сәтек әрі қарай жалғады.
– Шоң, міне сен болыс болып келіп отырсың. Анау Жәмке неге болыс болып келмейді?
– Жәмкенің жұмысы болыстықтан да кем емес – деп сөзін бастады. Баяғыда Жәмке оқуға кеткеннен бері туыстардың ешқайсы қатыспайтын. Бұлар оған өкпелі еді. Жәмке татардың ең сұлу қызын алып, ол бір орыспен кетіп қалған. Содан Жәмке ішкілікке берілген еді. Оның басында болған жағдайды айтады. Жәмкені ақтағандай сөйлеген еді.
– Жәмкенің осы жерден кеткеніне қанша заман болды. Біреуіңіз артынан бауырымыз бар еді деп іздеп келмедіңдер, ол соған өкпелеп келмей жүр.
– Сен оқу оқып жүргенде жыл сайын үйіңе келіп жүрдің. Ол Ақмолаға барғалы бір рет де жүзін көрсетпей кетті. Біз оған неге барамыз?!
Сәтектің бұл сөзінде жан бар еді. Шоң өзі ауылға келіп жүргенде сан рет айтқан. Жәмке келмеген. Ештеңе деп жауап бермей жүріп кететін ондайда. Шоң оның туысқандарына ренішті екенін біліп, үндемейтін. Сәтек отырып сөзін әрі қарай жалғады.
– Біз баяғыда мына Жабағылардан бір қыз алып берейік дедік. Ол келмеді. Татардан әйел алып, татар болып кеткен адамның бізге қажеті қанша?!
– Ол қазір татардан алған әйелін тастағанын айтып отырмын ғой. Қазір әйелі жоқ. Енді алып берулеріңе болады. – Шоң Жәмкеге сөз келтірмеуге тырысты. Анығында, баяғы ауыр сөзден кейін екеуінің арасында қатынас әлі күнге дейін жоқ болатын. Шоң бірнеше рет ыңғай танытқанымен, Жәмке иілмей жүрген. Содан кейін бұл да оны қинамайтын. Оның жағдайын Жәмкенің досы Герасимовтан біліп жүре беретін.
– Шоң бауырым, біз емес, ол ұмытты. Міне, сен келіп отырсың. Баяғыдан бері, сағынған болса, туған аулына келіп қайтпай ма? Ол нағыз татар болып кеткен адам ғой. Ол жайында