Название | Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап |
---|---|
Автор произведения | Қанат Жойқынбектегі |
Жанр | Современная русская литература |
Серия | |
Издательство | Современная русская литература |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785005549471 |
– Телқозы сен анау Тоқаларына айтып қой, жоғары жаққа жаза бермесін. Одан түк өңбейді. Айтатындарын маған келіп айтсын. Ал олай болмаса малдары ана жылқылары жиырма мыңға жақындап қалған Сапақ тәрізділер салықты түгел төлемей отыр. Оларын қоймаса малдарының жартысын сыпырып аламын. Соны жеткіз. Тоқа туысқандарың сенің айтқан сөзіңді тыңдайды ғой. Мен де ына балаңа мына жақта қамқор боламын.
Бұл сұлтанның сәтті пайдаланып орынды келістіріп айтқан сөзі еді. Бұл сөзіңе шындық жатқан. Қоңырқұлжаның ойы Телқозы арқылы қорқытып, Нұра бойының байларынан біраз мал жинап алу. Жанкелді балаларының Тоқалар арасында беделі бар екенін
білетін.
– Сұлтеке, өзіңіздей көріңіз. Қолдан келгенше аянбаймын.
– Телқозы қолдан келгенді ғой. Сенің айтқаныңды аяққақалдыратын Тоқалар ішінде адам жоқ. Тіпті, сол арыз жазатын адамдарды маған көрсетші. Содан кейін олармен өзім сөйлесемін.
Телқозы мына сұлтанның өзіне аса ауыр жұмыс тапсырып отырғанын білді. Қорқып кетті. Бірақ ол күйін сездірмей:
– Сұлтеке олай болса Тоқалардың тәуірлерміен сөйлесіп көрейін.
Бұл сөзді сұлтан көңілі үшін айтып отырған. Баласының қолы жетті ме, жетпедіме деп отырғанда басқа сөз айтуға Телқозының мүмкіндігі жоқ еді.
Кенесары соғысы кезінде орыстар жағында болған Қоңырқұлжаны губернатор да жақсы көретіні туралыТелқозыда естіген. Мына адамның көңілін тапса балсының ертеңгі күні шарықтау биікке көтерілетін сезетін Телқозы.
Сұлтан да маңайында өзіне берілген адамдарды жинап, бұл дуандыөзінің берік қамалына айналдуыруды ойлап жүрген. Соған орай орыстан да, төрелерден де өзіне берілген адамдарды маңайына жинап жатыр еді. Сондайлардың біреуі мына қара қазақтан шыққан Шоң болатынына сенімді болатын. Орысшаға зерек. Оны қызметке алуында да осындай ой бар еді. Әзірге сын мерзімге алған. Бірақ бұл туралы баласына да, әкесіне де айтпаған.
Қазір дастархан басында отырып сұлтан Телқозының көңілін көтеру үшін айтқаны:
– Балаң зерек, амандық болса өзім үйлендіріп, тәрбиелеймін деген сөзін әңгіме арасында бір айтып қойды.
Сұлтан шындап қолға алса айтқанын жасайтынын Телқозы біліп