БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!. Нарша Булгакбаев

Читать онлайн.
Название БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!
Автор произведения Нарша Булгакбаев
Жанр Философия
Серия
Издательство Философия
Год выпуска 2021
isbn



Скачать книгу

әрқайсымыз өмір бойы не жолдар саламыз не қабырғалар тұрғызамыз. Сіз өзіңізді қалай қабылдайсыз? Мен бір қысқа өлең таптым, онда бұл тақырыпты қарапайым және керемет түсіндіреді:

      «Үлкен жолдарды Егемен Рим салған, Адамдарды байланыстыру үшін, Сонымен қатар қабырғалар тұрғызған, Ажыратып, бөліп, қорғау үшін, Ғасырлар бойы, адам құмарлығынан, Барлық қабырғалар құлады, Бірақ жолдар қалды.»

      Сіз басқа адамдармен кездесіп, олармен ақыл-ой бөлісе алатын жолдар, қарым-қатынас жолдарын саласыз ба? Немесе сізді басқалардан бөлетін, ажырататын, қорғайтын ақылыңызда қабырғалар тұрғызасыз ба? Менің ойымша, қабырға құрылысына кететін барлық материалдар мен күш-жігер босқа шығын сияқты, бұның барлығы еңбек пен уақытты ысырап етеді, өйткені бұл қабырғалар бәрібір құлайды.

      Ақиқат мынада, біз бүкіл адамзатпен рухани бірлікке ұмтылуы тиіс Жаратылыстармыз және басқа адамдардан бөліну, ажырау үшін салынған әлсіз қабырғалар ешқашан ұзақ тұрмайды. Бірақ жолдармен басқаша. Сізді адамдармен байланыстыратын жолдар саласыз ба? Дәл адам ағзасындағы екі жақты миға баратын артериялар сияқты, сіздің күнделікті іскерлік және рухани-әлеуметтік өміріңізге қажет. Сізде мұндай қарым-қатынас бар ма? Сіз адамдармен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Менің айтарым рухани, отбасылық, туыстық байланыстар әдеттегі іскерлік байланыстардан жоғары.

      Эмпатикалық тыңдау және эмпатикалық әдіс туралы естіп пе едіңіз? Эмпатияның тыныш бульварлары туралы естіп пе едіңіз? Сіз эмпат адам болғыңыз келе ме? Бұл эмпатия қабілетін дамытқан адам. Сіз Жүректен жүрекке жол саласыз ба, өзара түсіністік жолдары, бақытсыздық пен қайғыға деген жанашырлық жолдары. Сіздің рухани жағдайыңыз ынтымақтастықтан басталады ма? Сіз осындай көшелер немесе махаббат пен түсінудің тыныш аллеяларын (саяжолдарды) саласыз ба, хош иісті, ақ гүлді ағаш акацияларға (қарағандарға) толы? Оларды сөзбен көпіртудің қажеті жоқ. Олар күлімсіреу, жұбату және бұл көріністер ағаш жапырақтарымен жабылған: «Мен білемін. Мен бәрін түсінемін. Мен сені жақсы көремін». Мұндай көшелер мен аллеяларды тұрғызыңыз, өйткені олар мәңгі қалады. Оларды ештеңе жоя алмайды.

      Бүгін біраз уақыт бөліп шешім қабылдаңыз: өзіңізді жақын адамдарыңыздан бөлу үшін энергия, ақыл-ой және рухани күш жұмсап, қабырғалар салғыңыз келе ме әлде бірлескен ойлаудың интеллектуалды артерияларын, эмпатияның кең бульварлары мен үнсіз рухани бірлік аллеяларын салғыңыз келе ме, соны шешіңіз. Не салу керектігін шешіп, сіз өзіңіздің өміріңіздің табиғатын анықтайсыз. Бұл сізді ішке кіргізбейтін қабырғалар әлемі немесе шексіз қуанышқа саяхаттауға болатын жолдар әлемі болуы мүмкін. Таңдау тек сізге байланысты.

      Тағдыр кінәлі емес

      Сіз өзіңізді бақытты санайсыз ба әлде бақытсыз санайсыз ба? Сіздің ойыңызша, сіздің өміріңізде сәттілік көп пе әлде сәтсіздік көп пе? Біздің орындалмаған үміттеріміз бен армандарымыз, сәтсіз үлкен жоспарларымыз туралы ойлаған кезде, адамдар көбінесе тағдыр немесе сәттілік