Институционалды экономика мемлекетпен заңдастырылған институттарды зерттеумен қатар, адамдардың күнделікті іс-əрекетінде орын алатын заңдастырылмаған ережелерге де назар аударады. Сондықтан экономикалық мамандықтарды дайындауда институционалды экономиканы оқыту, теориялық негіздері мен талдау əдіснамасын меңгерту құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысында маңызды. Оқу құралында институционалды теорияның негіздері, əдістемелік ерекшеліктері, экономикалық талдау құралдары қарастырылады. Оқу құралында əр тақырыптың соңында негізгі тұжырымдар, түйінді ұғымдар, бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары жəне реферат тақырыптары берілген.
Оқу құралы экономика мамандығы бойынша білім алушылар мен тәуекелді басқару саласындағы мамандарға арналған. Оқу құралында келесі мәселелер қарастырылған: тәуекелдің мәні мен мазмұны; оның пайда болу себептері мен факторлары; тәуекелді басқару қағидалары мен негізгі ережелері; тәуекел түрлері мен жіктелуі, оларды басқару әдістері; тәуекелді сандық және сапалық талдау; тәуекелді хеджирлеу; форвардтық және фьючерстік келісімшарттар құру. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады, оның ішінде тәуекелді эксперттік талдау; ми шабуылы; шешім қабылдаудың сценарийлер әдісі және т.б.
Хрестоматияда Қазақстан Республикасының 1991-2014 жылдар аралығындағы сыртқы саясаты мен халықаралық қарым-қатынастарының қалыптасуының мерзімдік шежіресі қарастырылған. Хрестоматия Қазақстан Республикасы Президентінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан мелекеттілігінің қалыптасуы мен қарқынды даму жолындағы табысты қызметінің айнасы іспеттес. Хрестоматия халықаралық қатынастар, аймақтану мамандығында оқитын студенттерге, магистранттарға арналған.
Музейлік Электронды сөздікте әлем елдері музейлеріндегі ақпараттық технологиялар, музей қорларын өңдеу бағдарламалары, әлем елдері музейлерінің қалыптасу тарихы, экспозициясының ерекшелігі, әлем таныған шеберлер және олардың шедеврлік туындылары, виртуалды музейлер, олардың ғаламтор жүйесіндегі сайттары, музейлік этнография, музейлік археология, музейлік деректану, каталогтау, музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелері қамтылған. Музейлік сөздік «5В041900 – музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы студенттері, «6М041900 – музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы магистранттарына, музей және ескерткіштерді қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне, оқытушыларға арналған.
Дәрістер жинағында дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуы, оның ежелгі мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлі қарастырылған. Дәрістер жинағы халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға арналған.
Бұл электронды оқу құралында меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы, меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу, меншікке қарсы қылмыстардың объектісі мен затын талдау толығымен талдау жасалған. Бөтен мүліктің ұғымы және мазмұны, құн қасиеті – нарықтық қатынастар жағдайындағы меншікке қарсы қылмыстар затының негізгі белгісі ретіндегі мәселелері қарастырылған. Бұл оқу құралы құқықтану мамандығы бойынша дәріс алатын студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.
Аталған сөздік заңгерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сот өндірісі органдарына, жоғары оқу орындары мен колледждердің заң факультетінің оқытушылары мен студенттеріне, ізденушілеріне арналған.
Данное учебно-методическое пособие предназначено для работы со студентами-бакалаврами и магистрантами, обучающимися по специальности «Стандартизация, сертификация и метрология». При подборе аутентичных текстов по данной специальности были использованы словарь терминов и слов общеупотребительной лексики, способствующей обогащению словарного запаса по важным аспектам специальности, а также кон-тролю умений и навыков по пройденному материалу. The present teaching manual is designed for bachelor's and master's degree training on specialty «Standardization, Certification and Metrology». When choosing the authentic texts on the subject a glossary of terms was used that contributes to enriching the vocabulary of the most important aspects of the field, as well as checking up habits and skills of the material studied within a definite period of time.
Учебно-методические рекомендации – работа над текстами по специальности «Астрономия» для студентов 1-го курса (уровень Intermediate) – подготовлена на основе аутентичных текстов, предназначенных для студентов-бакалавров физико-технических факультетов. Цель данных учебно-методических рекомендаций – научить студентов понимать тексты по своей специальности, ознакомить их с терминологией. Лексико-грамматические задания к текстам позволяют снять трудности понимания содержания текстов и адаптировать их грамматическую структуру. Methodical development of the text in Astronomy «for the 1st course students» (Level Intermediate) have been prepared on the basis of authentic, based on authentic texts intended for students of bachelors of physical and technical departments. The purpose of this methodological development to teach students to understand texts in their specialty, to familiarize with the terminology. Lexical and grammatical tasks to allow texts to remove difficulties in understanding the content of the texts and adapt their grammatical structure.
«Қолданбалы химия» оқу құралы химия және химиялық технология факультетінің студенттері мен магистранттарының семинар сабақтарын өткізуге арналған. Берілген оқу құралында тұрмыстық қызмет пен экономиканы химияландырудың негізгі бағыттары, химиялық заңдарды, заңдылықтарды, принциптерді, эксперименттік әдістерді, технологиялық тәсілдерді, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық жүйе мен экономиканың әртүрлі салаларындағы химиялық өнімдерді пайдаланудың практикалық нәтижелері қарастырылған. Әрбір бөлімде теориялық материалдар, қайталауға арналған бақылау сұрақтары және өзіндік жұмысқа арналған тест тапсырмалары берілген.